«2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»

2025 жылғы 22 желтоқсан                                                             58-3

                                                          

                                                                                         (кезекті, елу сегізінші сессия)

 

 

«2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»

 

 

         Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 8 583 198 мың теңге;

         салықтық түсімдер – 4 792 139 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 54 000 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 60 000 мың теңге;

         трансферттер түсімі – 3 677 059 мың теңге.

         2) шығындар – 8 583 198 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 86 114 мың теңге, оның ішінде:

         бюджеттік кредиттер – 168 675 мың теңге;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 82 561 мың теңге;

         4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

         қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 86 114 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –  86 114 мың теңге:

         қарыздар түсімі – 168 675 мың теңге;

         қарыздарды өтеу – 82 561 мың теңге;

         бюджет қаражаттары қалдықтарының қозғалысы – 0 мың теңге».

         2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджетте Қазақстан Республикасы үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1193 қаулысына сәйкес ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға ауылдық жердегі жұмысы үшін 25 % және бірыңғай қосымша ақылар мен үстемақылар белгіленсін.
  2. 2026 жылға ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін трансферттердің бөлінуі Жуалы ауданы әкімінің қаулысы негізінде айқындалады.
  3. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Мәслихат төрағасы                                                                     З.Бурлибаев

Дата публикации
14 января 2026