Тұрақты комиссия отырысында өзекті мәселе қаралды.
Жуалы аудандық мәслихатының аппаратында Жуалы аудандық мәслихатының 2025 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарына сәйкес аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссиясының отырысы 2025 жылдың 26 желтоқсанында өтті. Отырыс күн тәртібіне орай Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы К.Ә.Төреқұлов «Аудандық спорт кешендерінің жай-күйі және атқарылған жұмыстар туралы» баяндама жасады.
Көтерілген мәселеге орай халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, ұлтаралық және азаматтық келісімді дамыту, білім, денсаулық сақтау, жастар ісі, мәдениет, спорт және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Нурила Малибекова, тұрақты комиссия мүшелері, депутаттар Наушабаев Қанат, Әбішева Эльмира, Абдиваитов Ермек, Байрамов Калдыбай және Молдабай Жамбыл тарапынан бірқатар сауалдар мен ұсыныстар айтылды. Оларға тиісті бөлім басшы нақты жауаптар берді.
Отырыс соңында қаралған мәселе бойынша тиісті қаулы қабылданды.