Тұрақты комиссия отырысында өзекті мәселе қаралды.
Жуалы аудандық мәслихатының аппаратында Жуалы аудандық мәслихатының 2025 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарына сәйкес аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссиясының отырысы 2025 жылдың 26 желтоқсанында өтті. Отырыс күн тәртібіне орай Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Н.Т.Саурбаев «Аудан бойынша тұрғын үй алқаптарының берілу тәртібі туралы атқарылған жұмыстар туралы» баяндама жасады.
Көтерілген мәселеге орай әкімшілік-аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік – экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Мұхамеджан Асемов, тұрақты комиссия мүшелері, депутаттар Аринов Свамбай, Нарымбеков Марат, Исаев Жәнібек және Елекбаев Айбек тарапынан бірқатар сауалдар мен ұсыныстар айтылды. Оларға бөлім басшысы нақты жауаптар берді.
Отырыс соңында қаралған мәселе бойынша тиісті қаулы қабылданды.