"Жуалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 35-3 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 09 желтоқсандағы №56-2 шешімі

      2025 жылғы 09 желтоқсан                                                         №56-2

                                                                                         (кезектен тыс, елу алтыншы сессия)

 

Жуалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 35-3 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жуалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 35-3 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жалдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 10 821 028 мың теңге;

салықтық түсімдер – 2 906 863 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 75 837 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 37 400 мың теңге;

трансферттер түсімі – 7 800 928 мың теңге.

2) шығындар – 11 024 006 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 159 257 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 241 818 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 82 561 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 159 257 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –  159 257 мың теңге:

қарыздар түсімі – 241 818 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 82 561 мың теңге;

бюджет қаражаттары қалдықтарының қозғалысы – 202 978 мың теңге».

Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

 

  1. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.

 

 

         Мәслихат төрағасы                                                                    З.Бурлибаев

 

 

Дата публикации
14 января 2026