Жуалы аудандық Қоғамдық кеңесінің 2025 жыл бойынша атқарылған жұмыстары
Биыл 07.03.2025 жылдың жұлдызынан бастап Қазақстан Респуликасы Қоғамдық кеңестер туралы 2015 ж №383 заңына сәйкес, Жуалы ауданы Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы конкурс арқылы 13 адам сайланды. Оның ішінде азаматтық қоғамның өкілдері – 8, мемлекеттік органдардың өкілдері – 1, гендерлік құрамы бойынша: әйел - 2, ерлер – 11, жасы бойынша: 35 жасқа дейін - 2 адам, 35 жастан 60 жасқа дейін – 6 адам, 60 жастан асқан - 4 адам. Жуалы аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы – Құниязов Рахымғазы Нұрғазыұлы(1961 ж.т.).
Қазіргі уақытта 3 тұрақты комиссия жұмыс жасайды олар; «Қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер және қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс мәселелері» жөніндегі комиссияның құрамы 5 кеңес мүшесінен тұрады.
Аталған комиссияның төрағасы болып Мырзахметов Нұрсеит Рахманұлы бірауыздан сайланды.
Келесі Қоғамдық кеңестің «Бюджет, қаржы және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселесі, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала» мәселесі жөніндегі комиссиясының құрамы
4 кеңес мүшесінен тұрады.
Оның құрамына мына кеңес мүшелері енгізіліп отыр:
Аталған комиссияның төрағалығына Сейтбеков Жеңісбек Оразбақұлының кандидатурасы ұсынылып отыр.
Келесі, қоғамдық кеңестің «Аграрлық сектор, ветеринариялық сала, ауылдық аймақтарды дамыту, табиғатты және жер ресурстарын пайдалану, техногендік үрдістер, кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс саласы, көлік және тұрғын үй коммуналдық, шаруашылық, әлеуметтік-мәдени, спорт салаларын дамыту мәселелері» жөніндегі комиссиясының құрамы
4 кеңес мүшесінен тұрады.
Оның құрамына мына кеңес мүшелері енгізіліп отыр:
Ендеше аталған комиссияның төрағасы болып Оразалы Шалабайлы сайланды.
Сондай-ақ, 3 адамнан құралған кеңес «Төралқасы» комиссиясы хаттама негізінде бірауыздан сайланған. Олар;
Жыл басынан бері ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық дамуы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың шекті мәндері, электр энергиясына тарифтер және т.б. мәселелерді қарастыру бойынша 18 отырыс өтті.
Оның ішінде:
2025 жылы наурыз айында Жуалы аудан әкімі Ж.Мұратаза аудандық Қоғамдық кеңестің жаңа құрамының қабылдауы болып өтті, онда ауданымыздың әлеуметтік экономикалық даму мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Әр ай сайын Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы төмендегі мәселелері жоспар бойынша және бөлімдерден келіп түскен хаттарға сайкес өтеді.
1.Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасымен, қол жетімділігі туралы
Сондай-ақ, 2025 жылдың наурыз айындағы кеңес отырысында жылдық жоспар мен ауданның дамытуға, әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша мәселелер қарастырылды.
Сондай –ақ, өзекті мәселе 25.03-10.04.2025 ж Облыстық білім бөлімінен келген кіріс №565 хатына сәйкес, аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбие, асханаларын зерделеу бойынша және оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, орындауға. Тұрақты комиссия мүшелерімен (М.Арзымбетов) зерделеу жұмыстары жүргізіліп, бұл бойынша кезекті кеңес отырысында ескертулермен ұснылым хаттар тиісті жауапты мамандарға жолдануда.
- Барлық деңгейдегі қоғамдық кеңес мүшелерінің құзыреттілігі мен әлеуетін арттыруға бағытталған оқыту іс-шараларын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізу;
- Қоғамдық кеңес мүшелері мен мүдделі тұлғаларға (мемлекеттік органдар, серіктестер, жастар және т. б.) қоғамдық мониторинг және бақылау жүргізу бойынша семинарлар өткізу;
- Қоғамдық кеңестердің нақты қызметі туралы азаматтарды ақпараттандыру және халықпен байланыс бөлігінде әлеуметтік желілерде қоғамдық кеңес мүшелерінің жұмысын жандандыру. Сондай-ақ бір қатар аудандық бөлімдер 2025 жылдың атқарылған жұмыстары туралы талқылау (есеп) болып өтті. Олар:
- Аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі және Сәулет, қала және құрылыс бөлімдері;
- Жамбыл облысының Ветеринариялық станциясы шаруашылық жүргізу құқығындағы КММ-ның Жуалы аудандық Ветеринариялық станция бөлімі,
- Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің 2025 жылдағы атқарылған жұмыстары туралы.
- Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Жуалы ауданы білім бөлімі,
- Жамбыл облысы, «Еңбек мобильдігі орталығы» Коммуналдық Филиалы бөлімі;
- Жуалы аудандық «Орталық аурухана»;
- Аудандық Ақсай-су шаруашылығы т.б. аталған бөлімдердің атқарылған жұмыстарына оң қорытындылар берілді.
- Қоғамдық кеңестер қызметінің оң тәжірибелерін жүйелеу және стади-турларды ұйымдастыру арқылы тәжірибе алмасу.
Бұл бағыттар бойынша бекітілген жоспарға сай алгоритм мен жұмыс жалғасуда.
Жуалы аудандық Қоғамдық
кеңес төрағасы Р.Құниязов