Жуалы аудандық мәслихатының әкімшілік-аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік – экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссия отырысы
Тұрақты комиссия отырысында өзекті мәселе қаралды.
Жуалы аудандық мәслихатының аппаратында Жуалы аудандық мәслихатының 2025 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарына сәйкес аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Отырыс күн тәртібіне орай Жуалы ауданының ветеринариялық станциясының басшысы Сүйіндіков Бахыт Үшкемпірұлы «Ветеринария саласы бойынша атқарылған жұмыстары және мал сою алаңдарының, биотермиялық шұңқырларының (беккери шұңқыры) жай күйі туралы» баяндама жасады.
Көтерілген мәселеге орай әкімшілік-аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік – экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Мұхамеджан Асемов, тұрақты комиссия мүшелері, депутаттар Аринов Свамбай, Нарымбеков Марат, Исаев Жәнібек және Елекбаев Айбек тарапынан бірқатар сауалдар мен ұсыныстар айтылды. Оларға ветеринариялық станциясының басшысы нақты жауаптар берді.
Отырыс соңында қаралған мәселе бойынша тиісті қаулы қабылданды.