Жуалы аудандық мәслихатының халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, ұлтаралық және азаматтық келісімді дамыту, білім, денсаулық сақтау, жастар ісі, мәдениет, спорт және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы
Тұрақты комиссия отырысында өзекті мәселе қаралды
Жуалы аудандық мәслихатының аппаратында Жуалы аудандық мәслихатының 2025 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарына сәйкес аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Отырыс күн тәртібіне орай Жуалы ауданы бойынша Мансап орталығы филиалының директоры Н.Құрмашев «Мансап орталығының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы» баяндама жасады.
Көтерілген мәселеге орай халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, ұлтаралық және азаматтық келісімді дамыту, білім, денсаулық сақтау, жастар ісі, мәдениет, спорт және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Нурила Малибекова, тұрақты комиссия мүшелері, депутаттар Наушабаев Қанат, Әбішева Эльмира, Абдиваитов Ермек, Байрамов Калдыбай және Молдабай Жамбыл тарапынан бірқатар сауалдар мен ұсыныстар айтылды. Оларға тиісті бөлім басшы нақты жауаптар берді.
Отырыс соңында қаралған мәселе бойынша тиісті қаулы қабылданды.