Жуалы аудандық мәслихатының әкімшілік-аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік – экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссия отырысы

Жуалы аудандық мәслихатының әкімшілік-аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік – экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссия отырысы

          Тұрақты комиссия отырысында өзекті мәселе қаралды

         Жуалы аудандық мәслихатының аппаратында Жуалы аудандық мәслихатының 2025 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарына сәйкес аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Отырыс күн тәртібіне орай аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Талғатұлы Саурбаев «Ауданның 2025 жылға және алдағы жылдарға арналған құрылыс саласындағы даму жоспары туралы» баяндама жасады.

         Көтерілген мәселеге орай әкімшілік-аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік – экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Мұхамеджан Асемов, тұрақты комиссия мүшелері, депутаттар Аринов Свамбай, Нарымбеков Марат, Исаев Жәнібек және Елекбаев Айбек тарапынан бірқатар сауалдар мен ұсыныстар айтылды. Оларға тиісті бөлім басшыы нақты жауаптар берді.

         Отырыс соңында қаралған мәселе бойынша тиісті қаулы қабылданды.

Дата публикации
08 декабря 2025