Аудандық Қоғамдық кеңес отырысының Шешімі

Аудандық Қоғамдық кеңес отырысының

Шешімі

 

                   (14.05.2025ж)

 

  1. 2025 жылға арналған аудандық бюджетіне өзгерістер енгізу туралы жобасына оң қорытынды берілсін.

 

  1. Жуалы ауданы Қошқарата елді мекенінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы бірлескен аудан әкімінің қаулы және аудандық маслихатының шешім жобасын тыңдау кейінге қалдырылсын.

 

  1. «Жуалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы №18-7 «Жуалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жуалы аудандық мәслихаты шешімінің жобасына келісім берілсін.

 

  1. Д.Абилов өз еркімен жазылған өтініші бойынша аудандық Қоғамдық кеңес мүшелігінен шығарылсын.

 

  1. РҚ Қоғамдық кеңес туралы 2015 жылғы №383 заңына сәйкес, аудандық жер қатынастары бөлімі басшысы-Қ.Жарасұлының «Аудандық жер комиссиясы құрамына мүшелікке бір Қоғамдық кеңес мүшесін ұсыну туралы» хатына сәйкес, аудандық Қоғамдық кеңес отырысының хаттамасы негізінде Бекболатов Оразалы Шалабайұлы ұсынылсын.

 

 

       Жуалы ауданы Қоғамдық

       кеңес төрағасы                                                               Р.Құниязов                                                                                                

 

Дата публикации
16 мая 2025