Жуалы аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысының № 03 Хаттамасы

Жуалы аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысының

№ 03  Хаттамасы

 

 

Б.Момышұлы ауылы                                                          17  сәуір 2025 жыл

                                                                                              (сағ 10:00)

                                                                                               (кіші зал)

                                                                       Аудан әкімдігі

 

 

Қатысқандар:   9 адам (кворум бар)

Қатыспағандар:  3-адам

Шақырылғандар: 1. Ж.Мұртаза – аудан әкімі

                                  2.«Жаңа өмір» - газетінің өкілдері

 

Күн тәртібі

 

  1. Аудан әкімі Ж.Мұртазаның ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуы туралы, азаматтық қоғамның пікірлерін ескеру, т.б. Жуалы ауданы Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамымен – кездесуі туралы.

                   

    Кездесу барысында аудан әкімі Ж.Мұртаза Қоғамдық кеңестің жаңа құрамымен танысып, Мемлекет басшысының бағдарламалық тапсырмаларын орындау, соның ішінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында мемлекеттік мекемелер, денсаулық сақтау саласы және бала-бақшалар, ауыз су, т.б. туындайтын өзекті мәселер қолға алынып жатқанын және осы мәселелер барысында қоғамдық мүшелер де үлес қосуын ұсынды.

 Сонымен қатар, қәзіргі таңда «Ауыл Аманаты» жобасы бойынша 2,5% несие арқылы мал басын көбейте отыра аудан тұрғындарының хал ахуалы көтерілгенін, 5 бағыт, яғни шағын кәсіпкерлікті дамыту барысында шағын өндірістер ашылып, тұрмыстық қажеттілікке байланысты халықтың игілігіне пайдалы жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді. Атап айтар болсақ елді мекендерде наубайханалар, шаштараз, тігін шеберханалары, жихаз және құрылыс материалдарын шығаратын жұмыс орындары ашылуда.

Жуалы ауданында биылғы жылы атқарылатын ірі жобаларға тоқталып,  халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, ауданымызда жаңа жұмыс орындарын ашу,  ауылшаруашылығының өндірісін дамытып, қайта өңдеу жұмыстарының мәселелері көтерілді. Ауданымыздағы туризм саласының 1-кезекте дамыту керектігінде атап өтті. Ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар қолға алынып, кадр саясатындағы игілікті жұмыстар жасалып жатқанын да хабардар етті. Жиын соңында аудан әкімі кімде қандай пікір, сұрақ–ұсыныстар барын сұрады.

Қоғамдық кеңес мүшесі  Нысанов Мұратбек ауданда аталған сүт мәселесі бойынша сүт бағасы және  бәсекелестікке  қәбілеттілікті сақтау, сүт өндірісін төмендетпеу мәселелерін жеткізді.

    Аудан әкімі белгіленген мақсатқа жету үшін аудан халқының пікірлерін ескере отыра жергілікті атқарушы органдар мен, қоғамдық кеңес өкілдерінің бірлесе жұмыс істеуі маңызды екенін атап өтті. Аудан басшысы кеңес мүшелері мен алдағы уақытта да тұрақты кездесіп, жұмыс барысын талқылып отыратынын да жеткізді. Сондай-ақ, аудандық Қоғамдық кеңестің жаңа мүшелеріне сенім артатынын, барлығы да істің көзін білетін ауданымыздың экономикасын көтеру үшін еңбек сіңірген азаматтар екенін атап өтті жәнеде жұмыстарына сәттілік тіледі.

    Сонымен қатар, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Р.Құниязов қоғамдық бақылау нысандарының әлі де болса жандандыруды ұсына отырып, 2025 жылдың міндеттеріне, бекітілген жұмыс жоспарына тоқталып, Қоғамдық кеңестің «Ережесіне» сәйкес бекітілген тұрақты комиссия және «Төралқа» құрамымен таныстыра отырып, жергілікті атқарушы органдарымен тиянақты жұмыс жасайтынында жеткізді. Көпшілік бірауыздан келісті

 

Жоғарыдағыларды, ескере келе, төмендегідей

ұсыныстар мен шешім қабылданды:

 

  1. Аудан әкімі Ж.Мұртазамен кездесу барысында ұсыныстар назарға алынсын, Кездесу барысындағы Қоғамдық кеңестің аудандағы рөлі, маңыздылығы, келешекте де бірлесе жұмыс атқарылатындығы, уәжді жауап беру міндеттерін ескеру ұсынылсын.

 

 

 

 Қоғамдық

 кеңестің төрағасы                                           Р.Құниязов

 

 Хатшы                                                               Г.Ташпенова

Дата публикации
05 мая 2025