Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарлама
Жуалы аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 2 қарашасындағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының талаптарына сәйкес Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (әрі қарай - Жұмыс тобы) мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізілетіндігін хабарлайды.
Осы Жұмыс тобын іріктеу үшін мемлекеттік органдардың квазимемлекеттік сектор субьектілерінің өкілдері қатарынан және конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан ұсыныстар хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қабылданады.
Құжаттарды қабылдау мекен-жайы және уақыты:
«Жуалы аудандық мәслихаты аппараты» ММ, Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, № 12, №19 бөлме, байланыс телефоны – 8 (72635) 2-03-60, электрондық мекенжайы: Jualu_maslihat@mail.ru
уақыты: дүйсенбі – жұма күндері сағат 9:00-ден 18:30-ге дейін, үзіліс: 13:00 - 14:30.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар:
1) кандидатураны жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады.
Жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.
Жоғарыда көрсетілген үлгіге мыналар қоса беріледі:
Коммерциялық емес ұйымдардың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі.
Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін ұсынылатын құжаттар:
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысуға өтініші.
З.Бурлибаев,
Жуалы аудандық мәслихат төрағасы
1-қосымша
Нысан
Жуалы аудандық мәслихат төрағасы З.Бурлибаевқа
__________________________
тұратын (елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен_________________
__________________________
(өтініш берушінің аты, жөні,тегі
(бар болған жағдайда),
жеке куәлік № ____,
берілді (қашан, кім))
Өтініш
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.
Мен осы өтініш арқылы "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) ________________________
2) ________________________
3) ________________________
4) ________________________
5) ________________________
6) ________________________
7) ________________________
20___ жылғы "____" Өтініш берушінің қолы ___________
2-қосымша
Нысан
Жуалы аудандық мәслихат төрағасы З.Бурлибаевқа
__________________________
тұратын (елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен _____________________
(өтініш берушінің аты, жөні, тегі
(бар болған жағдайда), жеке
куәлік № ____,
берілді (қашан, кім))
Өтініш
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) ________________________
2) ________________________
3) ________________________
4) ________________________
5) ________________________
6) ________________________
7) ________________________
20___ жылғы "____" Өтініш берушінің қолы ___________