Аудандық Қоғамдық кеңес отырысының
Шешімі
18.07.2024ж
- Қошқарата ауыл әкімі М.Телеушовтың жанұялық жағдайына байланысты сұрануын ескеріп, аталған мәселе бойынша есебі келесіге қалдырылсын.
Мыңбұлақ ауыл округі әкімі А.Рахмашовтың 2023 жылдың және 2024 жылдың 8-айлығы бойынша жасаған жұмысына көрсетілген кемшіліктерді ескере келе, оң қорытынды берілсін.
Сонымен қатар, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Сейдуалиева Гульмира Абдухалиловна берген төмендегі ұсыныстар ескеріліп, қолға алынсын:
а) Қызмет алушылардың өтінімдеріне дәлелді бас тарту кезінде, Қағидаларда көзделген тыңдалым рәсімдерін сақтай отырып, бас тартудың нақты себебін көрсету;
б) Тұрғындарға (қызмет алушыларға) электронды түрде қызмет көрсетуді артықшылықтары бойынша түсіндіру жұмыстарын жандандыру;
в) Қызмет көрсету мерзімдерін және қызмет көрсету тәртіптерін бұзылмауын назарда ұстау;
г) Семинар кеңестерді (мақалалар жариялау) өткізу әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, халықпен тығыз кері байланыс орнату;
Д) Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмыстарын жандандыру және жергілікті тұрғындар арасында пайдалану деңгейін көтеру бойынша шаралар қабылдау.
- «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем ақы мөлшерін белгілеу туралы» қаулы жобасына оң қорытынды берілсін.
- «Жуалы ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған жоспарын» және Жуалы аудандық маслихат шешім жобасы-жер қатынастары (бөлім басшысы Қ.Жарасұлы) бөлімі тарапынан ұсынылған 14 ауыл округтері бойынша жайылым жоспарларының жасалуына бастапқы негіз болған жер көлемдерінің (жалпы, ауылшаруашылық, елді-мекен, басқа да жер көлемдері) және 2024 жылдың 01 қаңтарындағы ахуалы бойынша мал бастарының әртүрлі болуына (сәйкестендірілмеген) байланысты, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы С.У.Мадиевке арнайы жіберілген хат (01.01.2024ж мал басы есебі) негізінде қайта қаралып, жоспар жобасы мен шешім жобасын қарау кейінге қалдырылсын.
- «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР-ның 2015 ж. 02 қарашасындағы №383 заңының 15-бабы, 5-тармағына сәйкес, дәлелсіз себептермен 3 реттен артық кеңес отырысына қатыспаған үшін Б.Мұратбаев аудандық Қоғамдық кеңес құрамынан шығарылсын. (Қатысу парағы тіркелді).
Қоғамдық кеңес
отырысының төрағасы А.Уркумбаев