Аудандық Қоғамдық кеңестің
Шешімі
(14.05.2024ж)
а) аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі басшысы Қ.Мықтыбековаға ескеру үшін ұсыным хат жолдансын.
б) Жуалы ормандары және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме басшысы М.Нуралиевке заң талаптарына сәйкес жауапты тұлғалардың жауапкершілікке тарту туралы ұсыным–хат жолдансын.
в) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру т.б. мәселелер бойынша Боралдай, Жетітөбе, Қарасаз, Билікөль, Ақтөбе, Күреңбел ауыл округтері аппаратының жұмыстары бойынша сонымен қатар, ауыл округтері учаскелік полецейлер жұмыстарының нәтижелері (анықтамаға сәйкес) арнайы аудандық Қоғамдық кеңесте қаралсын.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылдың 02 қарашасындағы №383 заңының 11-бабы, 2-ші тармағына сәйкес, аудандық Қоғамдық кеңес Төралқа құрамына сайлансын.
Сонымен қатар, Қоғамдық кеңес мүшелерінің әдептілік мінез құлқы мәселелері бойынша Ұсынымның этикалық мінез-құлық нормаларын ұстанбағаны және сақтамағаны, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылдың 02 қарашасындағы №383 заңының 7-бабы, 2-тармағы, 2, 5 тармақшаларындағы міндеттерін сақтамағаны ескеріліп, аудандық Қоғамдық кеңес мүшесі Талғат Қуатбековке тиісті Заң, Ереже талаптарын сақтау (бұзбау) ұсынылсын. Қайталанған жағдайда Заң, Әдеп ұсынымдар талаптарына сәйкес аудандық Қоғамдық кеңес құрамынан шығару қаралсын.
Аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Абдікерім Уркумбаевтың Қоғамдық кеңесте іскерлік және достық қарым-қатынастар мен сындарлы әріптестікті орнатуға және нығайтуға тұрақты түрде ықпал етуіне байланысты, сонымен қатар, ұйымдастырып, төрағалық етіп отырған жұмысы жақсы, қоғамдық ортадағы әдеп, этикалық нормаларының талаптарын орындауы Қоғамдық кеңес Ережесіне сәйкес деп танылып, оң баға берілсін.
Аудандық Қоғамдық
кеңес төрағасы А.Уркумбаев