Жуалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 14-3 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жуалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы                     № 14-3 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жуалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 14-3 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және                                  3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 8 590 904 мың теңге:

салықтық түсімдер – 2 410 500 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 27 150 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 31 000 мың теңге;

трансферттер түсімі – 6 122 254 мың теңге.

2) шығындар – 8 824 934 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 154 775 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 223 366 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 68 591 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -154 775  мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –  154 775 мың теңге:

қарыздар түсімі – 223 366 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 68 591мың теңге;

бюджет қаражаттары қалдықтарының қозғалысы – 234 030 мың теңге.».

Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

 

  1. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жуалы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                             З.Бурлибаев

Дата публикации
12 апреля 2024