«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Жамбыл облысының Жуалы аудандық мәслихаты аумақтық және 39 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.
Аумақтық сайлау комиссиялары жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2023 жылғы 8 желтоқсанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленген, аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден кіші жүйе арқылы өткені туралы сертификаты болуға тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды. Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 8 желтоқсанға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ге дейін жүзеге асырылады.
Жуалы аудандық мәслихат
Жуалы аудандық мәслихаттың төрағасы – Бүрлібаев Зиядхан Рымбекұлы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Бауыржан Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, 12 үй.
Жауапты адам – Сыпатаев Бақытжан Сәбитұлы, каб. № 112, қалааралық телефон коды (872635), қызметтік телефоны 2-13-57, ұялы телефоны +7(702)4459068, электрондық пошта мекенжайы jualu_maslihat@mail.ru.
Аудандық мәслихат аудандық сайлау комиссиясының және 39 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:
Аумақтық сайлау комиссиясы Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, Д.Қонаев көшесі, №6, Аудан әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімінің ғимараты, 7 комиссия мүшесі.
Учаскелік сайлау комиссиялары - 39
|
№ |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы |
Сайлау учаскесінің мекенжайы |
Комиссия мүшелерінің саны |
||
|
|
Елді мекен |
Көше |
Үй |
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1 |
180 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№35 С.Мұқанов атындағы бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Қызтоған ауылы |
Ж.Бижанов |
1 |
5 |
|
2 |
181 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№9 Абай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Қошқарата ауылы |
Б.Үсенов |
54 |
5 |
|
3 |
182 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№31 Ақтасты бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Ақтасты ауылы |
Ақтасты |
60 |
5 |
|
4 |
183 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№20 Жамбыл атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Рысбек батыр ауылы |
Рысбек батыр |
8 |
5 |
|
5 |
184 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№8 Сүгірбек Бәйтіков атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Көлтоған ауылы |
Д.Қонаев |
44 |
5 |
|
6 |
185 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№18 Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Ертай ауылы |
Е.Оразалиев |
46 |
5 |
|
7 |
186 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№34 Қаратас негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Қаратас ауылы |
А.Байшаханов |
14 |
5 |
|
8 |
187 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№10 Күреңбел орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Күреңбел ауылы |
Қарабастау |
46 |
5 |
|
9 |
188 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№21 Дмитрий Пахомов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Қоңыртөбе ауылы |
Малдыбай |
25 |
5 |
|
10 |
189 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Кәріқорған ауылы |
М.Үсіпбеков |
21 |
5 |
|
11 |
190 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№6 Александр Пушкин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Қарасаз ауылы |
Ы.Алтынсарин |
35 |
7 |
|
12 |
191 |
Көктас медициналық пункті |
Көктас ауылы |
Достық |
22 |
5 |
|
13 |
192 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№14 Бейімбет Майлин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Ақбастау ауылы |
Береке |
54 |
5 |
|
14 |
193 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№28 Амангелді атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Т.Дүйсебайұлы ауылы |
С.Нарбайұлы |
1 |
5 |
|
15 |
194 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№4 Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Шақпақата ауылы |
С.Сүгіртегі |
35 |
7 |
|
16 |
195 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің №37 Ынтымақ негізгі мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Ынтымақ ауылы |
Е.Аблаев |
46 |
5 |
|
17 |
196 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№22 Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Талапты ауылы |
Б.Момышұлы |
34 |
5 |
|
18 |
197 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№13 Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Көлбастау ауылы |
Д.Қонаев |
52 |
9 |
|
19 |
198 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№2 Мыңбұлақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Қайрат ауылы |
Абай |
2 |
7 |
|
20 |
199 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№27 Дихан орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Қайрат ауылы |
Абай |
№н/ж |
5 |
|
21 |
200 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№1 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Б.Момышұлы ауылы |
Аблайхан |
1 |
9 |
|
22 |
201 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№19 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Б.Момышұлы ауылы |
Б.Момышұлы |
1 |
9 |
|
23 |
202 |
Аудандық орталық аурухана |
Б.Момышұлы ауылы |
С.Бейбарс |
1 |
5 |
|
24 |
203 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№29 Орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Б.Момышұлы ауылы |
Ш.Уалиханов |
2 |
9 |
|
25 |
204 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№30 Көктөбе орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Коктобе ауылы |
А.Иманалыұлы |
101 |
5 |
|
26 |
205 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№16 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Теріс ауылы |
Ы.Алтынсарин |
5 |
5 |
|
27 |
206 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№24 Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Шыңбұлақ ауылы |
Мырзатай |
20 а |
5 |
|
28 |
207 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Нұрлыкент ауылы |
Н.Замбаев |
49а |
9 |
|
29 |
208 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№12 Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Түктібай ауылы |
Е.Ауелбеков |
6 |
5 |
|
30 |
209 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№23 Алатау орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Алатау ауылы |
Шет |
2А |
5 |
|
31 |
210 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№17 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Қызыларық ауылы |
О.Елекбаев |
8 |
5 |
|
32 |
211 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Байтерек ауылы |
Енбекші |
1 |
5 |
|
33 |
212 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№26 Жаңаталап орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Жаңаталап ауылы |
Өсерхан |
1 б |
5 |
|
34 |
213 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№25 Ақтөбе тірек мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Ақтобе ауылы |
Қайнарбұлак |
2 |
5 |
|
35 |
214 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№33 Теріс-Ащыбұлақ бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Теріс-Ащыбулак ауылы |
Айнабұлақ |
1 |
5 |
|
36 |
215 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Қарабастау ауылы |
С.Слямханов |
6 |
5 |
|
37 |
216 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№36 Шоқан Уалиханов негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Әбдіқадыр ауылы |
Бөгембай |
6 |
5 |
|
38 |
217 |
№ 91678 әскери бөлім |
Б.Момышұлы, Әскери бөлім |
|
|
5 |
|
39 |
473 |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «Алихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Б.Момышұлы ауылы |
Улан |
7 |
9 |
|
Аудан бойынша учаскелердің жиыны 39 |
||||||