Уразалинов Н.З. - Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы:
Құрметті депутаттар мен шақырылғандар!
- Бүгін біз аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясын өткіземіз.
- Сайланған 12 (он екі) депутаттан 9 депутат қатысып отыр.
- Кворум бар.
- Сессияны ашу бойынша қандай ұсыныстар болады?
- Сессия жұмысын ашу туралы ұсыныс түсті.
- Осы ұсынысқа кім қарсы емес, дауыс беруіңізді сұраймын.
- Кім қарсы?
- Қалыс қалды?
- Бірауыздан.
- Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы ашық деп жарияланады.
- сессия жұмысына: аудан әкімінің орынбасары, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысып отыр.
Уразалинов Н.З.:
- Сіздің қарауыңызға сессияның келесі күн тәртібі ұсынылады:
Уразалинов Н.З.:
- Күн тәртібін дауыс беруге қоямын
- Кім қарсы емес?
- Кім қарсы?
- Қалыс қалды?
- Күн тәртібі бірауыздан бекітіледі.
Уразалинов Н.З.:
- Сессия жұмысының регламентін бекітуіміз қажет
- Баяндамашыға – 10 минутқа дейін уақыт берілсін.
- Сөз сөйлеушілерге 5 минутқа дейін
- Сессияны үзіліссіз аяқтау
- Осы регламентке кім қарсы емес, дауыс беруіңізді сұраймын?
- Қарсы?
- Қалыс қалды?
- Бірауыздан
- Регламент бірауыздан бекітіледі.
Уразалинов Н.З.:
- Барлық ұйымдастырушылық мәселелерді ашық дауыс беру арқылы шешуді ұсынамын
- Қандай пікірлер болады?
- Онда біз дауыс береміз
- Кім қарсы емес?
- Қарсы?
- Қалыс қалды?
- Бірауыздан қабылданды.
Уразалинов Н.З.:
-1 -ші мәселе бойынша - Жітіқара ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы сөз "Жітіқара ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ бас маманы Татьяна Викторовна Аксеноваға беріледі.
(Асксенова Т.В. баяндайды)
Уразалинов Н.З.:
- Баяндамашыға сұрақтар бар ма?
- Егер жоқ болса
- Дауыс беруіңізді сұраймын
- Осы шешімді бекіту үшін кім қарсы емес.
- Қарсы?
- Қалыс қалды?
- Бірауыздан.
- Шешім бірауыздан бекітіледі.
Уразалинов Н.З.:
- Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралды.
- Депутаттарда сессияны жүргізу бойынша ескертулер, ұсыныстар бар ма?
- Жоқ.
- Кезектен тыс сессияның жұмысына қатысқаны үшін баршаңызға алғыс айтамын және оны жабық деп жариялаймын.
Жітіқара аудандық
мәслихатының төрағасы Н. Уразалинов