Қоғамдық кеңес мүшелері мәселелерді қарады:
1) 2024 жылғы 13 қарашада "Жітіқара ауданы бойынша бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану кезінде ставка мөлшерін төмендету туралы" шешім жобасы.
2) "Жітіқара ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы"мәслихаттың 2024 жылғы 29 сәуірдегі N 158 шешіміне өзгеріс енгізу туралы".
3)"Жітіқара ауданында жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспар".
Отырыс жұмысына Қоғамдық кеңестің төрағасы мен мүшелері, Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы, Жітіқара ауданы әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты. Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, оларға тиісті жауаптар берілді. Ұсыныстар берілді.
