2024 ж. 15 қараша кезектен тыс сессиячының хаттама

         Уразалинов Н.З. - Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы:

 

Құрметті Аслан Амантайұлы, депутаттар мен шақырылғандар!

 

- Бүгін біз аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясын өткіземіз.    

- Сайланған 12 (он екі) депутаттан 10 депутат қатысып отыр. 

- Кворум бар.

- Сессияны ашу бойынша қандай ұсыныстар болады?  

- Сессия жұмысын ашу туралы ұсыныс түсті.

- Осы ұсынысқа кім қарсы емес, дауыс беруіңізді сұраймын.

- Кім қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан.

- Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы ашық деп жарияланады.

 

- сессия жұмысына: Жаныспаев Аслан Амантайұлы - Жітіқара ауданының әкімі, аудан әкімінің орынбасалары, қала, ауыл және ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысып отыр.

 

Уразалинов Н.З.:

         - Сіздің қарауыңызға сессияның келесі күн тәртібі ұсынылады:

  1. Мәслихаттың 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 103 "Жітіқара ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.

 

Уразалинов Н.З.:

- Күн тәртібін дауыс беруге қоямын

- Кім қарсы емес?                                                  

- Кім қарсы?

- Қалыс қалды?

- Күн тәртібі бірауыздан бекітіледі.

 

 

Уразалинов Н.З.:

- Сессия жұмысының регламентін бекітуіміз қажет

- Баяндамашыға – 20 минутқа дейін уақыт берілсін.

- Сөз сөйлеушілерге 5 минутқа дейін

- Сессияны үзіліссіз аяқтау

- Осы регламентке кім қарсы емес, дауыс беруіңізді сұраймын?

- Қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан

- Регламент бірауыздан бекітіледі.

 

Уразалинов Н.З.:

- Барлық ұйымдастырушылық мәселелерді ашық дауыс беру арқылы шешуді ұсынамын

- Қандай пікірлер болады?

- Онда біз дауыс береміз

- Кім қарсы емес?

- Қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан қабылданды.

 

Уразалинов Н.З.:

-1 -ші мәселе бойынша - Мәслихаттың 2023 жылғы 28 желтоқсандағы               № 103 "Жітіқара ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы сөз "Жітіқара ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Жанылсын Ілиясқызы Демейсеноваға беріледі.                                          

                                       (Демейсенова Ж.І. баяндайды)

 

Уразалинов Н.З.:

- Баяндамашыға сұрақтар бар ма?

 

Исмукашев А.А.:

- Маған сайлаушы ДСР кентіне баратын маршрутты тоқтатқаны туралы жүгінді?

 

Жумашев Р.С.:

- Бұл ауылда тексеру маршруты болды, 2 ай жүрді, қазір бізде субсидия алуға маршрутты әлеуметтік маңызды деп тану үшін қорытындылауға 10 күн бар.

 

Уразалинов Н.З.:

- Баяндамашыға тағы да сұрақтар болады?

- Егер жоқ болса

- Дауыс беруіңізді сұраймын

- Ұсынылған өзгерістер мен толықтыруды бекіту үшін кім қарсы емес.

- Қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан.

- Шешім бірауыздан бекітіледі.

 

 

Уразалинов Н.З.:

- Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралды.

- Депутаттарда сессияны жүргізу бойынша ескертулер, ұсыныстар бар ма?

- Жоқ.

- Кезектен тыс сессияның жұмысына қатысқаны үшін баршаңызға алғыс айтамын және оны жабық деп жариялаймын.

 

 

Жітіқара аудандық

мәслихатының төрағасы                                                               Н. Уразалинов

Дата публикации
18 ноября 2024