Пресс-релиз

«Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесімен мәслихатының «Жітіқара ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы» шешімінің жобасы (бұдан әрі - шешім жобасы) әзірленді.

Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты арнайы салық режимінің мөлшерлемесін 4%-тен 2%-ға төмендету бизнес - ахуалды жақсартуға, салық жүктемесін төмендетуге, бизнесті заңдастыруға және кәсіпкерлік сектордың іскерлік белсенділігін арттыруға ықпал ететін болады.

Шешім жобасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді

«Жітіқара ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы» шешімінің жобасы https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15290140 «Ашық НҚА» интернет-порталында 2024 жылғы 13 қарашадағы жарияланған.

Дата публикации
13 ноября 2024