2024 ж. 30 қыркүйек кезекті тыс сессиясының хаттамасы

Уразалинов Н.З. - Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы:

 

Құрметті Аслан Амантаевич, депутаттар және шақырылғандар!

 

- Бүгін біз аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясын өткіземіз.

- Сайланған 12 (он екі) депутаттан 9 (тоғыз)  депутат қатысып отыр. 

- Кворум бар.

- Сессияны ашу бойынша қандай ұсыныстар болады?

- Сессия жұмысын ашу туралы ұсыныс түсті.

- Осы ұсынысқа кім қарсы емес дауыс беруіңізді сұраймын.

- Кім қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан.

- Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы ашық деп жарияланады.

 

- сессия жұмысына: Жаныспаев Аслан Амантаевич – Жітіқара ауданының әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, Жітіқара ауданы әкімі аппаратының басшысы, қала, ауыл әкімдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отыр.

 

Уразалинов Н.З.:

         - Сіздің қарауыңызға сессияның келесі күн тәртібі ұсынылады:

  1. Мәслихаттың 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 103 "Жітіқара ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
  2. Мәслихаттың 2019 жылғы 15 ақпандағы № 281 «Жітіқара ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. Мәслихаттың 2018 жылғы 18 шілдедегі № 218
    «Жітіқара ауданының аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  4. Мәслихаттың 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 114 «Жітіқара ауданы бойынша мемлекеттік органдардың нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

 

 

Уразалинов Н.З.:

- Күн тәртібін дауыс беруге қоямын

- Кім қарсы емес?                                                          

- Кім қарсы?

- Қалыс қалды?

- Күн тәртібі бірауыздан бекітіледі.

 

Уразалинов Н.З.:

- Бізге сессия жұмысының регламентін бекітуіміз қажет

-1-ші мәселе бойынша баяндамашыға – 15 минутқа дейін.

- Барлық басқа мәселелер бойынша баяндамашыларға – 5 минутқа дейін.

- Сөз сөйлеушілерге 5 минутқа дейін

- Сессияны үзіліссіз аяқтау

- Осы регламентке кім қарсы емес, дауыс беруіңізді сұраймын?

- Қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан

- Регламент бірауыздан бекітіледі.

 

Уразалинов Н.З.:

- Барлық ұйымдастырушылық мәселелерді ашық дауыс беру арқылы шешуді ұсынамын

- Қандай пікірлер болады?

- Онда біз дауыс береміз

- Кім қарсы емес?

- Қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан қабылданды.

 

Уразалинов Н.З.:

-1-ші мәселе бойынша- Мәслихаттың 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 103 "Жітіқара ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы сөз "Жітіқара ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ басшысы Жанылсын Ильясовна Демейсеноваға беріледі.                                          

                                       (Демейсенова Ж.И. баяндайды)

Уразалинов Н.З.:

- Баяндамашыға сұрақтар бар ма?

 

Смагулов А.Р.:

- Бізде Жітіқара ауданы бойынша барлық бөгеттер мәселелерімен айналысатын, өз бөгеттерін қалай қадағалайтыны туралы ақпаратты талап ету үшін, бөгеттер бойынша барлық ақпараты бар, қандай кубтар, қай күйде екенін білу үшін құрылым бар ма.

 

Мендыбаев А.Т.:

- Жалпы, бізде осымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі айналысады, біз барлық ақпаратқа иеміз, қандай көлемдер, судың келуі, талдау жүргіземіз, сондай-ақ су тасқыны алдында "Жітіқаракоммунэнерго" МКК жұмыс жүргізеді. Кеңес заманында болған барлық бөгеттер қазіргі уақытқа сумен жырып құлатылған.

 

Жаныспаев А.А.:

- Біз осы мәселемен айналыстық, кездестік, әңгіме жүргіздік, бүгінгі таңда бізде үш жалға алушы бар – бұл Двуреченский бөгеті, Желқуар су қоймасы және Хазірет бөгеті. Олардың барлығы келісімшарт жасасады, балық аулауға жалға алады, олар фото, видео арқылы есеп берді, дегенмен бұл қызмет түрімен көптеген проблемалар бар. Қәзір мен кәсіпкерлік бөліміне тапсырма бердім, балық өңдеушілерді шақырып, кім осымен кәсіби түрде айналысатындарды және бірінші жобаны Желкуар су қоймасында іске асыру, цех ашу, бірақ мұнда жұмыстар кешенін жүргізу қажет, қазір бұл біздің басты міндетіміз. Әр ауылда болған басқа бөгеттерге келетін болсақ, қазір олар иесіз тұр, оларды ешкім қарамайды, ақша аз емес керек, дегенмен бұл мәселені жергілікті деңгейде көтеру керек, біз айналысамыз.

 

Уразалинов Н.З.:

- "ХСТ ғимаратынан бак-аккумуляторға дейінгі құбыр учаскесін ауыстыру" жобасы бойынша 10 млн. 199,0 мың теңге қаражатты қайтару, бұл жұмыстар жүргізіле ме, жоқ па?

 

Зайцев О.И.:

- Бұл жұмыстар өз қаражаты есебінен жүргізілді, өйткені мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізе алмадық, жосықсыз өнім беруші танылғаннан.

 

Уразалинов Н.З.:

- Келесі жылы сіз қайтадан бюджеттік өтінім беруді жоспарлап отырсыз ба?

 

Зайцев О.И.:

- Өткіземіз.  

 

Уразалинов Н.З.:

- Бюджет қаражаттын тиімсіз пайдалануы боп шықты.

 

Жаныспаев А.А.:

- Бұл жерде назар аударғандарыңызды сұраймын, конкурсты өткіздік, Астана қаласынан мердігерлік ұйым шыққан, ұзақ уақыт байланысқа шықпады, содан кейін табылды, біз олармен байланысқа шыққанда, олар бізге , өздері мұнда келе алмайтындықтан қосалқы мердігерлерді табуымыз екенің айтты, бұдан әрі біз олар бізге материалдарды сатып ала алмайтындықтан проблемаға ұрындық, бізде мерзімдер аяқталуға жақын болғандықтан, біз оларды жосықсыз мердігерлер деп тануға мәжбүр болдық. Жобалау өткізу кезінде техникалық сипаттаманы дайындағанда мұқият болу керек, бұл біздің жергілікті атқарушы органдардың кемшіліктері.

  

Уразалинов Н.З.:

-Жібек Жолы мен Асанбаев қиылысы жасанды арықтарды орнату үшін экскаватор қызметтеріне 100,0 мың теңге қарастырылуда, сіз биыл сол жерде жұмыс жүргізесіз бе?

 

Ордашев М. Ж.:

- Қалай болғанда да, биыл сол жерде жасаймыз.   

 

Уразалинов Н.З.:

- Неге Тәуелсіздік аллеясындағы сынған шамдар бойынша ешқандай жұмыс жасамайсыз?

 

Ордашев М. Ж.:

- Бізде орталық көшелерге, жаяу жүргіншілер өткелдеріне, негізгі көшелерге ақша жетіспейді, балабақшалар бар жерлер біздің басымдықтарымызда, соңғы кезекте аллеяда біз жасаймыз.   

 

Уразалинов Н.З.:

- Сізде  көгал шөптерді отырғызу жоспарыңызда бар ма?

 

Ордашев М. Ж.:

- Жоспарда бар, бірақ әлі бекітілмеген.   

 

Жаныспаев А.А.:

- Соңғы уақытта бізде жарықтандыру жайында шағымдар жиілеп кетті, мәселе мынада, біз жарықдиодты шамдарды жөндеу арқылы дұрыс емес жолмен жүрдік, олар бір реттік және жөндеуге жатпайды. Енді біз түгендеу жүргізіп, шамдарды жақын арада көздейміз. Көгалдандыруға келетін болсақ, мұнда біз жақсы ойлануымыз керек, мұның бәрін жасаудың әртүрлі нұсқалары бар, әрине, мұның бәрі қымбат, бірақ қаланың сыртқы келбеті жақсарады.  

 

Уразалинов Н.З.:

- Баяндамашыға тағы сұрақтар бар ма?

- Егер жоқ болса

- Дауыс беруіңізді сұраймын

- Ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды бекіту үшін кім қарсы емес дауыс беруіңізді сұраймын?

- Қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан.

- Шешім бірауыздан бекітіледі.

 

– 2 мәселе- Мәслихаттың 2019 жылғы 15 ақпандағы № 281 «Жітіқара ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы сөз терроризмнің алдын алу, жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Нурлан Кенжебекович Айтмухамбетовке беріледі.

                                          (Айтмухамбетов Н.К. баяндайды)

 

Макаров Е.Н.:

- Қазір терроризмге қарсы паспорттар бойынша тексерулер жүріп жатыр, бизнес тексеріп жатыр, жеке кәсіпкерлерден шағымдар бар, олар бұл паспортты қалай жасау керектігін нақты түсіндірмейді, сонымен қатар оны ІІМ-мен келісу қажет. Біз ІІМ-тен бізге қандай да бір түсініктеме беруін сұрадық, өйткені кейін айыппұлдар келеді.

 

Уразалинов Н.З.:

- Олар аудиторияны жинап, түсініктеме беруі үшін кәсіпкерлік бөлімімен жұмыс істеу керек.

 

Уразалинов Н.З.:

- Баяндамашыға сұрақтар бар ма?

- Егер жоқ болса

- Дауыс беруіңізді сұраймын

- Ұсынылған өзгерістерді бекіту үшін кім қарсы емес.

- Қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан.

- Шешім бірауыздан бекітіледі.

 

3 мәселе - Мәслихаттың 2018 жылғы 18 шілдедегі № 218
«Жітіқара ауданының аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы сөз терроризмнің алдын алу, жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Нурлан Кенжебекович Айтмухамбетовке беріледі.

(Айтмухамбетов Н.К. баяндайды)

 

Уразалинов Н.З.:

- Баяндамашыға сұрақтар бар ма?

- Егер жоқ болса

- Дауыс беруіңізді сұраймын

- Ұсынылған өзгерісті бекіту үшін кім қарсы емес.

- Қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан.

- Шешім бірауыздан бекітіледі.

 

- 4 мәселе-Мәслихаттың 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 114 «Жітіқара ауданы бойынша мемлекеттік органдардың нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы сөз терроризмнің алдын алу, жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Нурлан Кенжебекович Айтмухамбетовке беріледі.

(Айтмухамбетов Н.К. баяндайды)

 

Уразалинов Н.З.:

- Баяндамашыға сұрақтар бар ма?

- Егер жоқ болса

- Дауыс беруіңізді сұраймын

- Ұсынылған өзгерісті бекіту үшін кім қарсы емес.

- Қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан.

- Шешім бірауыздан бекітіледі.

 

Уразалинов Н.З.:

- Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралды.

- Депутаттарда сессияны жүргізу бойынша ескертулер, ұсыныстар бар ма?

- Жоқ.

- Кезектен тыс сессияның жұмысына қатысқандарыңыз үшін баршаңызға алғыс айтамын және оны жабық деп жариялаймын.

 

Жітіқара аудандық

мәслихатының төрағасы                                                           Н. Уразалинов

Дата публикации
17 октября 2024