2024 ж. 18 қыркүйек кезекті тыс сессиясының хаттамасы

Уразалинов Н.З. – Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы:

 

Құрметті депутаттар мен шақырылғандар!

 

- Бүгін біз аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясын өткіземіз.    

- Сайланған 12 (он екі) депутаттан 9 депутат қатысып отыр. 

- Кворум бар.

- Сессияны ашу бойынша қандай ұсыныстар болады?  

- Сессия жұмысын ашу туралы ұсыныс түсті.

- Осы ұсынысқа кім қарсы емес, дауыс беруіңізді сұраймын.

- Кім қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан.

- Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы ашық деп жарияланады.

 

- сессия жұмысына: аудан әкімінің орынбасары, Жітіқара ауданы әкімі аппаратының басшысы, мемлекеттік мекемелердің басшылары

 

Уразалинов Н.З.:

         - Сіздің қарауыңызға сессияның келесі күн тәртібі ұсынылады:

  1. Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 93 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  2. Мәслихаттың 2018 жылғы 5 наурыздағы № 191 "Жітіқара ауданының әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық – құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік – кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  3. Мәслихаттың 2020 жылғы 22 маусымдағы № 419 "Жітіқара ауданының әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Уразалинов Н.З.:

- Күн тәртібін дауыс беруге қоямын

- Кім қарсы емес?                                                          

- Кім қарсы?

- Қалыс қалды?

- Күн тәртібі бірауыздан бекітіледі.

 

Уразалинов Н.З.:

- Бізге сессия жұмысының регламентін бекітуіміз қажет

- Баяндамашыларға барлық сұрақтар бойынша – 7 минутқа дейін уақыт берілсін.

- Сөз сөйлеушілерге 5 минутқа дейін

- Сессияны үзіліссіз аяқтау

- Осы регламентке кім қарсы емес дауыс беруіңізді сұраймын?

- Қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан

- Регламент бірауыздан бекітіледі.

 

Уразалинов Н.З.:

- Барлық ұйымдастырушылық мәселелерді ашық дауыс беру арқылы шешуді ұсынамын

- Қандай пікірлер болады?

- Онда біз дауыс береміз

- Кім қарсы емес?

- Қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан қабылданды.

 

Уразалинов Н.З.:

- 1-ші мәселе бойынша- Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 93 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ басшысы Толеген Ахметжанович Жабуловқа сөз беріледі.

                                                             (Жабулов Т.А. баяндайды)

 

Уразалинов Н.З.:

- Баяндамашыға сұрақтар бар ма?

 

Мендаулетов А.Т.:

- Санаторлық-курорттық емделуге жолдама құнын өтеу жазбаша түрде бас тартқан жағдайда беріледі, егер мен порталда тіркелген болсам, бірақ қандай да бір себептермен бара алмасам, онда ол қаржылай өтеледі ме? 

 

Жабулов Т.А.:

- Басқарма мемлекеттік сатып алу арқылы ұсынатын мысалы Сарыағашқа жолдамалар бар делік, ал бұл адамның дәл сол жерге барғысы келмейді, ол жазбаша түрде, мен өзіме басқа санаторийге жолдама сатып аламын деген бас тартуды жазады, онда оған бұл қаражат тиісінше растайтын құжаттармен және кепілдендірілген сомадан аспайтын сомамен өтеледі. 

 

Уразалинов Н.З.:

- Баяндамашыға тағы сұрақтар бар ма?

- Егер жоқ болса

- Дауыс беруіңізді сұраймын

- Ұсынылған өзгерісті бекіту үшін кім қарсы емес?

- Қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан.

- Шешім бірауыздан бекітіледі.

 

- 2 мәселе - Мәслихаттың 2018 жылғы 5 наурыздағы № 191 "Жітіқара ауданының әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық – құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік – кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы сөз "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ басшысы Толеген Ахметжанович Жабуловқа беріледі.

(Жабулов Т.А. баяндайды)

 

Уразалинов Н.З.:

- Толеген Ахметжанович, неге жетекшілік ететін орынбасарды алып, бюджет мәселелері бойынша  орынбасарды енгізесіз?

Балашов Ф.Г.:

- Жетекшілік ететін бағыттар бойынша функционалдық міндеттерге өзгерістер енгізу туралы өкім шықты, яғни бүгінгі таңда жұмыспен қамту бөлімі әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарға жатпайды және қазір әкімнің әлеуметтік мәселелері бойынша орынбасары жоқ, ал әкімнің идеология мәселелері бойынша орынбасары бар.  

 

Уразалинов Н.З.:

- Баяндамашыға сұрақтар бар ма?

- Егер жоқ болса

- Дауыс беруіңізді сұраймын

- Ұсынылған өзгерісті бекіту үшін кім қарсы емес.

- Қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан.

- Шешім бірауыздан бекітіледі.

 

- 3 мәселе- Мәслихаттың 2020 жылғы 22 маусымдағы № 419 "Жітіқара ауданының әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы сөз "Жітіқара ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" ММ басшысы Кужахметов Даурен Кажмухамбетұлына сөз беріледі.

                                                           (Кужахметов Д.К. баяндайды)

 

Уразалинов Н.З.:

- Баяндамашыға сұрақтар бар ма?

- Егер жоқ болса

- Дауыс беруіңізді сұраймын

- Ұсынылған өзгерісті бекіту үшін кім қарсы емес.

- Қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан.

- Шешім бірауыздан бекітіледі.

 

Уразалинов Н.З.:

- Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралды.

- Депутаттарда сессияны жүргізу бойынша ескертулер, ұсыныстар бар ма?

- Жоқ.

- Кезектен тыс сессияның жұмысына қатысқандарыңыз үшін баршаңызға алғыс айтамын және оны жабық деп жариялаймын.

 

 

Жітіқара аудандық

мәслихатының төрағасы                                                          Н. Уразалинов

Дата публикации
16 октября 2024