«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру «Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

«Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі, 110700, Жітіқара қаласы, 6 ш.а. 65 үй, анықтама үшін телефондар: 8 (71435) 2-17-29, 8 (71435) 2-17-47, факс: 8 (71435) 2-00-05, электрондық мекенжайы: zhit_maslihat2024@mail.kz (файлдардың максималды рұқсат етілген мөлшері - 30 мегабайт) «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

«Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты» ММ Аппарат басшысы (санаты Е-2) 01-01 орта лауазымдық жалақысы 441254 теңге.

Блок А

Функционалдық міндеттері:

Мәслихат жұмысын басқарады, мәслихат аппаратының ұйымдастыру-бақылау, кадрлық, құқықтық және қаржы жұмысына басшылық етеді. Мәслихат жұмысының перспективалық (жылдық) жоспарының жобасын әзірлейді. Аудандық мәслихат сессияларының және тұрақты комиссияларының дайындалу және жүргізу барысын бақылайды. Депутаттардың оқуын жүргізуді ұйымдастырады. Аудандық мәслихатының бюджет, экономика, басқару мен өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысына жетекшілік етеді, қаулы жобаларын, хаттамаларды қалыптастырады. Қазақстан Республикасы Заңдарының, Үкімет қаулыларының, мәслихат сессиясы шешімдерінің және мәслихаттың тұрақты комиссиялары қаулыларының орындалуын бақылайды. Сайлау комиссияларының қалыптасу мәселелері жөніндегі саяси партияларымен, басқа қоғамдық бірлестіктермен, аудандық сайлау комиссиямен байланыста тұрады. Ауданның мемлекеттік мекемелерімен, облыстың әділет департаментімен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Білім:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: педагогикалық ғылымдар; өнер және гуманитарлық ғылымдар (гуманитарлық ғылымдар; тілдер және әдебиет); әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат; бизнес, басқару және құқық; жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика; ақпараттықкоммуникациялық технологиялар; инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары; ауыл шаруашылығы және биоресурстар; ветеринария; қызмет көрсету; ұлттық қауіпсіздік және әскери іс.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1)       жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штаткестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-3, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2)       жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайымемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3)       осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкессалаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: А-1, В-1, В-2, С-1, С-2, С-О-1, С-О-2, С-R1, D-1, D-2, D-О-1, D-О-2, D-R-1, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттардағы лауазымдарға орналасу үшін стресске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), осы санаттағы нақты лауазымның мамандығына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Конкурс Қазақстан РеспубликасыМемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурсты өткізу қағидаларының негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)       Өтініш;

2)       3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкеснысанда толтырылған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3)       бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың (келісімнің) қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1)       құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралышекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2)       конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жекеқасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және «Қазақстан

Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш); Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды тапсыра алады.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне 6 ш.а. 65 үй мекенжайы бойынша құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "E-gov" электронды Үкімет порталы, не «Enbek.kz» электрондық еңбек биржасы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде – 7 (жеті) жұмыс күні, тапсырады, ол конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат:

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде жасы он сегізден кем емес Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша байқаушыға арналған жадынамамен таныстырады.

Байқаушылар конкурс комиссиясының жұмысы туралы өз пікірін тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ уәкілетті органға жазбаша нысанда бере алады.

Конкурс өткізу кезінде сарапшыларды шақыруға жол беріледі:

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақ қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.

Сарапшылар сұхбат барысын өздерінің техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркей алады.

          Уәкілетті     органға      ақпарат      беру жағдайларын       немесе         Қазақстан Республикасының Құқық қорғау қызметі туралы заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларды       қоспағанда, конкурс     аяқталғанға          дейін          мемлекеттік         орган қызметкерлерінің конкурс комиссияларының құрамы туралы мәліметтерді жария етуіне жол берілмейді.

Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің жолдамасы бойынша     олардың қызметкерлерінің    конкурстық          комиссияның        отырысына қатысуына жол беріледі.

Конкурстық комиссияның әрекетіне және шешіміне шағымдану тәртібі туралы ақпарат:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады. Бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені  ______________________     бос   мемлекеттік         әкімшілік   лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.

Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және атаанасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін. Қоса берілген құжаттар:

______________________

______________________

______________________

Мекен жайы: ______________________ Байланыс телефоны: ______________________ e-mail: ______________________ ЖСН:

______________________

____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) «___»_______________ 20 _ ж.

Дата публикации
09 сентября 2024