2024 ж. 19 шілде кезектен тыс сессиясының хаттамасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Уразалинов Н.З. - Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы:

 

Құрметті Аслан Амантаевич, депутаттар және шақырылғандар!

- Бүгін біз аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясын өткіземіз.

- Сайланған 12 (он екі) депутаттан 10 депутат қатысып отыр.

- Кворум бар.

- Сессияны ашу бойынша қандай ұсыныстар болады?

- Сессия жұмысын ашу туралы ұсыныс түсті.

- Осы ұсынысқа кім қарсы емес, дауыс беруіңізді сұраймын.

- Кім қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан.

- Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы ашық деп жарияланады.

 

- сессия жұмысына: Жаныспаев Аслан Амантаевич - Жітіқара ауданының әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, Жітіқара ауданы әкімі аппаратының басшысы, қала, ауыл және ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отыр.

 

Уразалинов Н.З.:

         - Сіздің қарауыңызға сессияның келесі күн тәртібі ұсынылады:

  1. Мәслихаттың 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 103 "Жітіқара ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы;
  2. Мәслихаттың 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 104 "Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
  3. Әкімдіктің Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің 2023 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есебін бекіту туралы;
  4. Мәслихаттың 2018 жылғы 05 наурыздағы № 191 "Жітіқара ауданының әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық – құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік – кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  5. Мәслихаттың 2019 жылғы 15 ақпандағы № 281 «Жітіқара ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  6. Мәслихаттың 2014 жылғы 19 маусымдағы № 248 "Жітіқара ауданының әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  7. Мәслихаттың 2011 жылғы 30 маусымдағы № 357 «Жітіқара ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  8. Мәслихаттың 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 114 "Жітіқара ауданы бойынша мемлекеттік органдардың нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабының дербес құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  9. Мәслихаттың 2009 жылғы 27 шілдедегі № 200 «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы азаматтарды ынталандыру жөніндегі комиссияны бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  10. Мәслихаттың 2020 жылғы 22 маусымдағы № 419 "Жітіқара ауданы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

 

Уразалинов Н.З.:

- Күн тәртібін дауыс беруге қоямын

- Кім қарсы емес?                                                     

- Кім қарсы?

- Қалыс қалды?

- Күн тәртібі бірауыздан бекітіледі.

 

Уразалинов Н.З.:

- Бізге сессия жұмысының регламентін бекітуіміз қажет

-1-ші мәселе бойынша баяндамашыға – 20 минутқа дейін ұсынылсын.

- Барлық басқа мәселелер бойынша баяндамашыларға – 5 минутқа дейін.

- Сөз сөйлеушілерге 5 минутқа дейін

- Сессияны үзіліссіз аяқтау

- Осы регламентке кім қарсы емес, дауыс беруіңізді сұраймын?

- Қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан

- Регламент бірауыздан бекітіледі.

 

Уразалинов Н.З.:

- Барлық ұйымдастырушылық мәселелерді ашық дауыс беру арқылы шешуді ұсынамын

- Қандай пікірлер болады?

- Онда біз дауыс береміз

- Кім қарсы емес?

- Қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан қабылданды.

 

Уразалинов Н.З.:

-1-ші мәселе бойынша - Мәслихаттың 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 103 "Жітіқара ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы "Жітіқара ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ басшысы Жанылсын Ильясовна Демейсеноваға сөз беріледі.                                          

(Демейсенова Ж.И. баяндайды)

 

Уразалинов Н.З.:

- Сіз Жітіқара қаласының аумағында А.Байтурсынов, З. Зулхаиров көшелерінде қоршауларды (қар ұстаушыларды) дайындау және орнату жұмыстарына 8 млн. 352,8 мың теңге бөлесіз, осы қызметтердің қаншалықты шұғыл қажет екенін білгім келеді, комиссияда депутаттар бұл мәселені көтерген болатын, қоғамдық кеңесте де пікірталастар болған. Бұл қаражатты неғұрлым маңызды іс-шараларға, мысалы, депутаттар бірнеше рет көтеретін аяқталған объектілерді тіркеуге қайта бөлуге бола ма.

 

Жаныспаев А. А.:

- Әрине, депутаттардың белсенді қатысып, сұрақтар қойғаны жақсы, мүмкін біз де бюджет қаражатын әрдайым дұрыс бөле бермейміз, сондықтан мен сізді толықтай қолдаймын және осы қаражатты Пригородный және Приречный ауылдарындағы екі су құбырын тіркеуге қайта бөлуге қарсы емеспін.   

 

Хакимов А.Б.:

- Бізде балансқа қоюды қажет ететін нысандар да бар. 

 

 

 

Жаныспаев А.А.:

- Бізде әлі де бір жыл ішінде түзетулер болады, келесі нақтылауда біз оларды ескереміз.   

 

Мощенко С.А.:

- Менде қазір қайта бөлінген қоршаулар жасау бойынша жұмыстарға қатысты сұрағым бар, егер біз қазір олардан бас тартсақ, осы жұмыстарға бюджет қаражаттың жоспарлауы бола ма?

 

Жаныспаев А.А.:

- Әрине, егер жыл соңына дейін үнемдеу болса, онда біз бұл мәселеге қайта ораламыз.  

 

Уразалинов Н.З.:

- Баяндамашыға сұрақтар бар ма?

- Егер жоқ болса

- Дауыс беруіңізді сұраймын

- Ұсынылған өзгерістер мен толықтыруды бекіту үшін, кім қарсы емес.

- Қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан.

- Шешім бірауыздан бекітіледі.

 

- 2 мәселе - Мәслихаттың 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 104 "Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" сөз  Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының әкімі Мирамбек Жонысбекович Ордашевке беріледі.

                                                           (Ордашев М.Ж. баяндайды)

Уразалинов Н.З.:

- Жиектасты ауыстыру бойынша қаражат бөлінді, ауыстырылды ма?

 

Ордашев М.Ж.:

- Конкурстық рәсімдер әлі болған жоқ, шамамен 28 маусымда қандай мердігерлік ұйым өтетінін білетін боламыз. 

 

Уразалинов Н.З.:

- Баяндамашыға сұрақтар бар ма?

- Егер жоқ болса

- Дауыс беруіңізді сұраймын

- Ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды бекіту үшін кім қарсы емес.

- Қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан.

- Шешім бірауыздан бекітіледі.

 

– 3 мәселе- Әкімдіктің Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің 2023 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есебін бекіту туралы сөз Мүктікөл ауылдық округінің әкімі Кайрат Максатович Шукмановқа беріледі.

(Шукманов К.М. баяндайды)

 

Уразалинов Н.З.:

- Баяндамашыға сұрақтар бар ма?

 

Жаныспаев А.А.:

- Мен түсініктеме бергім келеді, жақында Мүктікөл ауылдық округіне бардым, қазір ауылда жаңа ауыл шаруашылығы өндірушісі жұмыс істейді, ол МТШ, астық қырманы, асхананы қалпына келтірді, қойма бөлмелерін, қонақ үй үлгісіндегі үй салды, жақын жерде өзіне үй салып жатыр, ауылға жаңа өмір беруде. Техникалық құжаттама әзірленуде және республикалық жол бойынша сараптамадан өтуде, егер жол жасалса, Мүктікөл ауылдық округіне дейін 60 шақырым, жол бойында кафе салу жоспарлануда, цифрландыру басқармасынан интернет болу үшін антенна қоюды сұрадым. Кеңес заманындағыдай ауылдарды қалпына келтіру мүмкін емес екені түсінікті, бірақ біз ауыл шаруашылығын дамыту үшін шағын бизнес ашу үшін инфрақұрылымға инвестиция салуымыз керек. "Асбестовое ГРП" ЖШС директоры Низами Наджафоглы Джафаровпен Құндыбай және Шевченковка ауылдарындағы екі жоба бойынша кездестім, осы кен орындарды жандандыра алайық, біздің аймақ пайдалы қазбаларға өте бай және ол халықтың игілігі үшін жұмыс істеуі керек. 

 

Уразалинов Н.З.:

- Баяндамашыға сұрақтар бар ма?

- Егер жоқ болса

- Дауыс беруіңізді сұраймын

- Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің 2023 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есепті бекіту үшін, кім қарсы емес.

- Қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан.

- Шешім бірауыздан бекітіледі.

 

- 4 мәселе- Мәслихаттың 2018 жылғы 05 наурыздағы № 191 "Жітіқара ауданының әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық – құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік – кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы сөз Жітіқара ауданы әкімі аппаратының басшысы Дархан Нурлыбекович Бугетбаевқа беріледі.

(Бугетбаев Д.Н. баяндайды)

 

Уразалинов Н.З.:

- Баяндамашыға сұрақтар бар ма?

- Егер жоқ болса

- Дауыс беруіңізді сұраймын

- Ұсынылған өзгерісті бекіту үшін, кім қарсы емес.

- Қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан.

- Шешім бірауыздан бекітіледі.

 

- 5 мәселе- Мәслихаттың 2019 жылғы 15 ақпандағы № 281 «Жітіқара ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы сөз Жітіқара ауданы әкімі аппаратының басшысы Дархан Нурлыбекович Бугетбаевқа беріледі.

                                          (Бугетбаев Д.Н. баяндайды)

 

Уразалинов Н.З.:

- Баяндамашыға сұрақтар бар ма?

- Егер жоқ болса

- Дауыс беруіңізді сұраймын

- Ұсынылған өзгерісті бекіту үшін, кім қарсы емес.

- Қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан.

- Шешім бірауыздан бекітіледі.

 

– 6 мәселе-Мәслихаттың 2014 жылғы 19 маусымдағы № 248 "Жітіқара ауданының әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы сөз Жітіқара ауданы әкімі аппаратының басшысы Дархан Нурлыбекович Бугетбаевқа беріледі.

                                          (Бугетбаев Д.Н. баяндайды)

 

Уразалинов Н.З.:

- Баяндамашыға сұрақтар бар ма?

- Егер жоқ болса

- Дауыс беруіңізді сұраймын

- Ұсынылған өзгерісті бекіту үшін, кім қарсы емес.

- Қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан.

- Шешім бірауыздан бекітіледі.

 

– 7 мәселе - Мәслихаттың 2011 жылғы 30 маусымдағы № 357 «Жітіқара ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы сөз Жітіқара ауданы әкімі аппаратының басшысы Дархан Нурлыбекович Бугетбаевқа беріледі.

                                          (Бугетбаев Д.Н. баяндайды)

 

Уразалинов Н.З.:

- Баяндамашыға сұрақтар бар ма?

- Егер жоқ болса

- Дауыс беруіңізді сұраймын

- Ұсынылған өзгерісті бекіту үшін, кім қарсы емес.

- Қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан.

- Шешім бірауыздан бекітіледі.

 

– 8 мәселе -  Мәслихаттың 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 114 "Жітіқара ауданы бойынша мемлекеттік органдардың нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабының дербес құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы сөз Жітіқара ауданы әкімі аппаратының басшысы Дархан Нурлыбекович Бугетбаевқа беріледі.

                                          (Бугетбаев Д.Н. баяндайды)

 

Уразалинов Н.З.:

- Баяндамашыға сұрақтар бар ма?

- Егер жоқ болса

- Дауыс беруіңізді сұраймын

- Ұсынылған өзгерісті бекіту үшін, кім қарсы емес.

- Қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан.

- Шешім бірауыздан бекітіледі.

- 9 мәселе- Мәслихаттың 2009 жылғы 27 шілдедегі № 200 «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы азаматтарды ынталандыру жөніндегі комиссияны бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы сөз Жітіқара ауданы әкімі аппаратының басшысы Дархан Нурлыбекович Бугетбаевқа беріледі.

                                          (Бугетбаев Д.Н. баяндайды)

 

Уразалинов Н.З.:

- Баяндамашыға сұрақтар бар ма?

- Егер жоқ болса

- Дауыс беруіңізді сұраймын

- Ұсынылған өзгерісті бекіту үшін, кім қарсы емес.

- Қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан.

- Шешім бірауыздан бекітіледі.

 

– 10 мәселе-Мәслихаттың 2020 жылғы 22 маусымдағы № 419 "Жітіқара ауданы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы сөз Жітіқара ауданы әкімі аппаратының басшысы Дархан Нурлыбекович Бугетбаевқа беріледі.

                                          (Бугетбаев Д.Н. баяндайды)

Уразалинов Н.З.:

- Баяндамашыға сұрақтар бар ма?

- Егер жоқ болса

- Дауыс беруіңізді сұраймын

- Ұсынылған өзгерісті бекіту үшін, кім қарсы емес.

- Қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан.

- Шешім бірауыздан бекітіледі.

 

Уразалинов Н.З.:

- Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралды.

- Депутаттарда сессияны жүргізу бойынша ескертулер, ұсыныстар бар ма?

- Жоқ.

- Кезектен тыс сессияның жұмысына қатысқаны үшін баршаңызға алғыс айтамын және оны жабық деп жариялаймын.

 

Жітіқара аудандық

мәслихатының төрағасы                                                               Н. Уразалинов

Дата публикации
19 июля 2024