2023 жылғы 28 қарашада Ерекенов Мырзабай Қуанашпайұлының төрағалығымен Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Қоғамдық кеңес мүшелері келесі мәселелерді қарады:
- "Мәслихаттың 2022 жылғы 27 желтоқсандағы №230" Жітіқара ауданының 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы " шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
- "2024 жылы Жітіқара ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы".
- "Мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы".
Отырыс жұмысына Қоғамдық кеңестің төрағасы мен мүшелері, Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы, Жітіқара ауданының әкімі, Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары мемлекеттік мекемелер басшылары қатысты.
Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, оларға тиісті жауаптар берілді. Тиісті ұсыныстар берілді, ескертулер мен ұсыныстарсыз талқыланды.