Жаңалықтар

2024 жылғы 26 сәуірде сағат 17:00-де Мурзабай Куанашпайұлы Ерекеновтың төрағалығымен Қоғамдық кеңестің 5-ші отырысы өтті.

Қоғамдық кеңестің мүшелерімен келесі мәселелер қаралды:

1) "Мәслихаттың 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №103 "Жітіқара ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы".

2) "Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 93 "Әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын бекіту, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Отырыс жұмысына Қоғамдық кеңестің төрағасы мен мүшелері, Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы, Жітіқара ауданының әкімі, Жітіқара ауданы әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты. Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, оларға тиісті жауаптар берілді. Тиісті ұсыныстар берілді, ескертулер мен ұсыныстарсыз талқыланды.

Дата публикации
29 апреля 2024