Жітіқара ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің                           2023 жылғы 23 маусымдағы № 122  «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 32894 болып тіркелген) сәйкес, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жітіқара ауданында елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Жітіқара қаласы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Большевик ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  4. Забелов ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  5. Милютин ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 5-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  6. Приречный ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 6-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  7. Пригородный ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 7-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  8. Степной ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 8-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  9. Тоқтаров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 9-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  10. Чайковский ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 10-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  11. Ырсай ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 11-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  12. Мүктікөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдер сандық құрамы осы шешімнің 12-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  13. Жітіқара аудандық мәслихатының «Жітіқара ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» 2023 жылғы 30 қарашадағы № 85 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  14. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
16 февраля 2024