Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, 2024 жылғы 8-12 қантар аралығында «Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі-Мәслихат аппараты), сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, персоналды басқару (оның ішінде кадрлардың тұрақтамауы), мүдделер қақтығысын реттеу және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер.
Мәслихат аппараты өз қызметін жүзеге асыру кезінде::
1) Қазақстан Республикасының Конституциясымен;
2) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен;
3) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен;
3) «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен;
4) мәслихат аппаратының Ережесімен айқындалады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарымен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.
2023 жылдың 1 қантар 2023 жылдың 31 желтоқсан дейінгі кезеңде аудандық мәслихаттың 123 шешімі қабылданды. Аудандық мәслихат төрағасымен осы кезеңде 133 өкім қабылданды, оның ішінде жеке құрам бойынша – 86 және негізгі қызмет бойынша – 47.
Мәслихат аппараты мемлекеттік мекемесінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер және нормалар анықталған жоқ.
Мәслихат шешімдері мен мәслихат хатшысының өкімдерін талдау қарама-қайшылықтар белгілерінің, коллизиялық сипаттың және әртүрлі нормативтік құқықтық актілердің құқық нормалары арасындағы олқылықтардың, декларативтік сипаттағы нормалардың, нормалардың қайталануын көрсетті.
Актілердің сыбайлас жемқорлық талдауы шешім қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасауға мүмкіндік беретін нормаларды анықтаған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілерге (лауазымды адамдарға) норманы немесе нормативтік құқықтық актіні өз бетінше таңдауды ұсыну арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін арттыруға ықпал ететін белгілер жоқ.
Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің артықтығы немесе жеткіліксіздігі белгілері анықталған жоқ.
Қабылданған шешімдер мен өкімдердің заңды негіздері бар, қоғамдық қатынастарды реттеудің нақты қажеттіліктеріне сай келеді және сыбайлас жемқорлық схемаларына қарсы іс-қимыл жасайды.
Мәслихат аппаратының мемлекеттік қызм
етшілерінің штат саны 5 бірлікті құрайды, бос орын -1.
Мәслихат аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау 2023 жылғы 1, 2, 3, 4 тоқсанда жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау мақсатында мәслихат аппаратының барлық әкімшілік мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдады, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметшілер мен олардың жұбайлары Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мемлекеттік кірістер басқармасына уақтылы декларациялар тапсырды, барлық мемлекеттік қызметшілер парасаттылық декларацияларына, мемлекеттік қызметшілердің іссапарлар мен қызметтік қажеттілік бойынша тұрақты орналасу шегінен тыс өзге де шығулар тәртібі туралы үлгілік жадынамаға қол қойды. Мәслихат аппаратында мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар, мемлекеттік қызметші мәртебесімен байланысты шектеулер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары сақталады.
Мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған жоқ.
Фактілер жоқ:
мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен үлестес болуы;
конкурстық іріктеу рәсімін өткізу кезінде бос лауазымға кандидаттың Конкурстық комиссия мүшелерімен үлестес болуы;
бірлескен қызмет (жұмыс) жақын туыстары мен жекжаттарының ерлі-зайыптылардың;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттігін орындауға байланысты лауазымды адамдардың сыйлықтар қабылдауы;
лауазымды тұлғалар үшін қолданыстағы заңнамамен белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды бұзу.
Мемлекеттік сатып алу, мүлікті, активтерді сатып алу кезіндегі лауазымды тұлғалардың үлестестігі. Мемлекеттік сатып алу Баға ұсыныстарын сұрату және тікелей шарттар жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен жүргізіледі. Мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына, 1995 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Аталған кезеңде мәслихат төрағасының жеке қабылдауында 4 адам және жеке және заңды тұлғалардан 8 жазбаша өтініш қабылданды. Барлық өтініштер бойынша қажетті жауаптар мен түсініктемелер берілді. Аудандық мәслихат депутаттары азаматтарды көшпелі қабылдауды жүргізеді.
Мәслихат аппараты мен оның лауазымды тұлғаларына қатысты жағымсыз материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізілді.
Аппаратта мәслихат аппаратының функционалдық қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және нормативтік құқықтық актілердің нормаларын түсіндіру бойынша құқықтық оқыту сабақтары өткізіледі.
Мәслихат аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетпейді, бақылау-қадағалау, рұқсат беру функцияларын жүзеге асырмайды.
Жүргізілген ішкі талдау барысында жұмыс тобы мәслихат аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаған жоқ.
Құжат айналымы 375 құжатты құрады.
Мәслихат сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhitikara?lang=ru мәслихат депутаттарының және мәслихат аппараты қызметкерлерінің жұмысы жарияланады.