ХАБАР

Қостанай облысы Жітіқара аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы

ХАБАРЫ

             «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Қостанай облысы Жітіқара аудандық мәслихаты аумақтық және 32 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамының қалыптасқаны туралы хабарлайды.

Аумақтық сайлау комиссиялары жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары  2023 жылғы 8 желтоқсанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhitikara/documents/details/550654?lang=kk). 

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленген, аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден кіші жүйе арқылы өткені туралы сертификаты  болуға тиіс (https://dot.saylau.kz/dot/). 

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.        

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 8 желтоқсанға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ге дейін жүзеге асырылады.

 Жітіқара аудандық мәслихаты

 Жітіқара аудандық мәслихатының  төрағасы -  Нұрлан Зарлықұлы Оразалинов.

Мәслихаттың орналасқан жері: Жітіқара қаласы, 6 шағын ауданы, 65.

Жауапты адам – Айнагуль Жаксылыкқызы Бисенкулова, каб. № 12, байланыс телефоны – 2-00-05, 2-17-47, 2-17-29,  zhit_maslihat.mail.ru - электрондық пошта мекенжайы.

Жітіқара аудандық мәслихатымен төмендегідей аумақтық сайлау комиссиясының және 32 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:

            Аумақтық сайлау комиссиясы: Жітіқара қаласы, 6 шағын аудан, 66, Мәдениет үйі, 7 комиссия мүшесі.

            Учаскелік сайлау комиссиялары – 32:

№

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы

Сайлау учаскесінің мекенжайы

Комиссия мүшелерінің саны

Елді мекен

Көше

Үй

1

2

3

4

5

6

7

1

360

мектеп ғимараты

Степной ауылы

Комсомольская

4А

5

2

361

мектеп ғимараты

Тоқтаров ауылы

Школьная

1

5

3

362

«Львовский колос» ЖШС ғимараты

Львов ауылы

Токовская

5

5

4

363

мектеп ғимараты

Чайковский ауылы

Школьная

35

5

5

364

мектеп ғимараты

Шевченковка ауылы

Советская

15

5

6

365

мектеп ғимараты

Пригородный ауылы

Жангелдин

14

5

7

366

мектеп ғимараты

Пригородный ауылы

40 лет Победы

1

7

8

367

мектеп ғимараты

Ырсай ауылы

Школьная

19

5

9

368

№ 12 мектеп ғимараты

Жітіқара қаласы

6 шағын ауданы

32

9

10

369

колледж ғимараты

Жітіқара қаласы

6 шағын ауданы

54

7

11

370

гимназия ғимараты

Жітіқара қаласы

Ахмет Байтұрсынов

25

9

12

371

мектеп-лицей ғимараты

Жітіқара қаласы

11 шағын ауданы

35

7

13

372

№ 2 мектеп ғимараты

Жітіқара қаласы

5 шағын ауданы

14Б

7

14

373

№ 1 мектеп ғимараты

Жітіқара қаласы

Школьная

23

7

15

374

мәдениет сарайы

Жітіқара қаласы

6 шағын ауданы

66

7

16

375

№ 10 мектеп ғимараты

Жітіқара қаласы

3 шағын ауданы

10

7

17

376

№ 10 мектеп ғимараты

Жітіқара қаласы

3 шағын ауданы

10

7

18

377

№ 9 мектеп ғимараты

Жітіқара қаласы

2 шағын ауданы

25

7

19

378

№ 4 мектеп ғимараты

Жітіқара қаласы

4 шағын ауданы

27

9

20

379

№ 39 мекемесі аумағы

Тоқтаров ауылдық округі

 

 

5

21

380

аудандық аурухана

Жітіқара қаласы

Павлов

9

5

22

381

мектеп-лицей ғимараты

Жітіқара қаласы

11 шағын ауданы

35

9

23

382

мектеп ғимараты

с.Тургеновка

Целинная

14А

5

24

383

мектеп ғимараты

с.Кусакан

Центральная

14А

5

25

384

жеке үй

с.Волгоградское

Производственная

69

5

26

385

 «Атыгай  Голд Майнинг» ЖШС ғимараты

Қазірет ауылы

 

1

5

27

386

мектеп ғимараты

Аққарға ауылы

Комсомольская

1

5

28

387

мектеп ғимараты

Забелов ауылы

Комсомольская

49А

7

29

388

мектеп ғимараты

Приречный ауылы

Школьная

1А

5

30

389

мектеп ғимараты

Милютин ауылы

Школьная

1

5

31

390

мектеп ғимараты

Мүктікөл ауылы

Ленина

6

5

32

391

мектеп ғимараты

Мүктікөл ауылы

Ленина

2А

5

 

Дата публикации
11 ноября 2023