«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара аудандық мәслихатының кейбір шешімдері күші жойылғандардың тізбесі
- Мәслихаттың «Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 375 шешімі(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8910 болып тіркелген);
- Мәслихаттың «Мәслихаттың 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 375 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 69шешімі;
- Мәслихаттың «Мәслихаттың 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 375 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 қарашадағы № 84шешімі;
- Мәслихаттың «Мәслихаттың 2020 жылғы 13 қантардағы № 375 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 16 мамырдағы № 40шешімі.