2023 жылғы 15 маусымда сағат 15:00-де Жітіқара ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Жітіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтеді.
Күн тәртібі:
- Мәслихаттың 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 230 «Жітіқара ауданының 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
- Мәслихаттың 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 228 «Жітіқара ауданының 2023 жылға арналған жер комиссиясының қалыптастырылған құрамын бекіту туралы»;
- Мәслихаттың 2018 жылғы 05 наурыздағы № 191 «Жітіқара ауданының әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық- құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік – кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы».
- Мәслихаттың 2012 жылғы 5 қарашадағы № 75 "мүгедектер үшін қолжетімді ортаны сақтау мәніне әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеуді (паспорттауды) ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы"шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Қостанай облысы Жітіқара ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы