Жітіқара аудандық мәслихатының No 2 хаттамасы

Жітіқара аудандық мәслихатының No 2 хаттамасы
әкімдік мәжіліс залы   сағат 11.00      2023 жылғы 7 сәуір

Құрметті Нұржан Қайыржанұлы, депутаттар мен шақырылғандар!

 

- Бүгін біз аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясын өткіземіз.    

- Сайланған 12 (он екі) депутаттан 10 қатысып отыр. 

- Кворум бар.

- Сессияны ашу бойынша қандай ұсыныстар болады?  

- Сессия жұмысын ашу туралы ұсыныс түсті.

- Осы ұсынылған шешімге кім қарсы емес?

- Кім қарсы?

- Қалыс қалды?

- Шешім бірауыздан қабылданады.

- Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы ашық болып жарияланады.

         Сессияға шақырылғандар мен қатысып отырғандар: Жітіқара ауданының әкімі, Жітіқара ауданы әкімінің орынбасарлары, Жітіқара қаласының әкімі, мемлекеттік мекемелердің басшылары, ауыл және ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері.

 

Оразлинов Н.З.:

- Сіздің қарауыңызға сессияның келесі күн тәртібі ұсынылады:

  1. Мәслихаттың 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 230 «Жітіқара ауданының 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы («Жітіқара ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы Демейсенова Жаңылсын Ілиясқызы хабарлайды);
  2. Мәслихаттың 2019 жылғы 19 қаңтардағы № 264 «Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы Оразалинов Нұрлан Зарлықұлы хабарлайды).
  3. Мәслихаттың 2021 жылғы 22 қазандағы № 71 «Жітіқара ауданында мүгедектігі бар адамдар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  4. Мәслихаттың 2020 жылғы 04 қыркүйектегі № 438 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  5. Жітіқара аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 290 «Жітіқара ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы (үшінші сұрақтан бесінші сұраққа дейін «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Төлеген Ахметжанұлы Жабулов хабарлайды);

 

Оразалинов Н.З.:

- Күн тәртібін дауыс беруге қоямын

- Кім қарсы емес?                                                     

- Кім қарсы?

- Қалыс қалды?

- Күн тәртібі бірауыздан бекітіледі

 

Оразалинов Н.З.:

- Сессия жұмысының регламентін бекіту қажет

- Барлық мәселелер бойынша баяндамашыларға қажеттілік бойынша уақыт беруді ұсынамын

- Сөз сөйлеушілерге 15 минутқа дейін

- Сессияны ағымдағы жылдың 17 сәуіріне дейін үзілісімен өткізуді ұсынамын.

- Осы регламентке кім қарсы емес дауыс беруіңізді сұраймын?

- Қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан

- Регламент бірауыздан бекітіледі.

 

Оразалинов Н.З.:

- Барлық ұйымдастырушылық мәселелерді ашық дауыс беру арқылы шешуді ұсынамын

- Пікірлер қандай болады?

- Онда біз дауыс береміз

- Кім қарсы емес?

- Қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан қабылданды.

 

Оразалинов Н.З.:

- Мәслихаттың 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 230 "Жітіқара ауданының 2023-2025 жылдарға  арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы 1-ші мәселе бойынша "Жітіқара ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ басшысы Демейсенова Жаңылсын Ілиясқызына сөз беріледі.                                 

                                         (Демейсенова Ж. І. баяндайды)

 

Оразалинов Н.З.:

- Баяндамашыға сұрақтар бар ма?

 

Исмукашев А.А.:

- кеше аудандық мәслихат комиссияларының бірлескен отырысы өтті және депутаттардан орталық қалалық қазандықтың құбырын ағымдағы жөндеу бойынша жобаны іске асыруға қатысты бірлескен ұсыныс түсті. Депутаттар осы жоба бойынша қандай да бір қоғамдық бақылау жүргізілетіндей депутаттық бақылау жүргізуді ұсынады.

 

Оразалинов Н.З.:

-Ұсыныс қабылданады

 

Оразалинов Н.З.:

- Егер сұрақтар және ұсыныстар болмаса

- Дауыс беруіңізді сұраймын

- Бұл шешімді бекітуге кім қарсы емес?

- Қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан.

- Шешім қабылданады.

 

Оразалинов Н.З.:

- 2-ші мәселе – Мәслихаттың 2019 жылғы 19 қаңтардағы № 264 «Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы          

           Аудандық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес учаскелік сайлау комиссиясының бірқатар мүшелері учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан шығарылды.

           Шығып қалған учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің орнына мынадай кандидаттар ұсынылды:

№ 376 сайлау учаскесі бойынша

Чернякова Дарья Галимжановна;

№ 380 сайлау учаскесі бойынша

Қайырбергенова Айгүл Серікпайқызы;

№ 391 сайлау учаскесі бойынша

Куваев Владимир Сергеевич.

 

Оразалинов Н.З.:

- Дауыс беруіңізді сұраймын?

- Ұсынылған кандидатураларды бекітуді кім қолдайды?

- Қарсы?

- Қалыс қалды?

- Шешім бірауыздан қабылданады.

 

 

 

 

Оразалинов Н.З.:

- үшінші сұрақтан бесінші сұраққа дейін сөз «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Төлеген Ахметжанұлы Жабуловқа беріледі.

 

-2-ші мәселе - Жітіқара аудандық мәслихатының 2014 жылғы                                           29 желтоқсандағы № 290 "Жітіқара ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

                                             (Т. А. Жабулов баяндайды)

 

Оразалинов Н.З.:

- Баяндамашыға сұрақтар бар ма?

- Дауыс беруіңізді сұраймын

- Бұл шешімді бекітуге кім қарсы емес?

- Қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан.

- Шешім қабылданады.

 

Оразалинов Н.З.:

- 3-ші мәселе - мәслихаттың 2021 жылғы 22 қазандағы № 71 «Жітіқара ауданында мүгедектігі бар адамдар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

                                               (Т. А. Жабулов баяндайды)

 

Оразалинов Н.З.:

- Баяндамашыға сұрақтар бар ма?

- Дауыс беруіңізді сұраймын

- Бұл шешімді бекітуге кім қарсы емес?

- Қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан.

- Шешім қабылданады.

 

Оразалинов Н.З.:

- 4-ші мәселе - Мәслихаттың 2020 жылғы 04 қыркүйектегі № 438 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

(Т. А. Жабулов баяндайды)

 

Оразалинов Н.З.:

- Баяндамашыға сұрақтар бар ма?

- Дауыс беруіңізді сұраймын

- Бұл шешімді бекітуге кім қарсы емес?

- Қарсы?

- Қалыс қалды?

- Бірауыздан.

- Шешім қабылданады.

 

Оразалинов Н.З.:

- Кезектен тыс сессия жұмысында ағымдағы жылдың 17 сәуіріне дейін үзіліс жарияланады.

- Сессия жұмысына қатысқаны үшін баршаңызға алғыс айтамын.

 

 

         Жітіқара аудандық

         мәслихатының төрағасы                                                Н. Оразалинов

Дата публикации
27 апреля 2023