Жітіқара аудандық мәслихатының № 1 хаттамасы

 

Жітіқара аудандық мәслихатының

№ 1 хаттамасы

 

әкімдіктің отырыс  залы                  11.00 сағат                    2023 жылғы 30 наурыз

 

      Төраға: Н.З. Уразалинов

      Қатысып отырғандар: Жітіқара ауданының әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, Жітіқара ауданы әкімі аппаратының басшысы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

        Он екі депутаттан қатысты-12 депутат.

Күн тәртібі

  1. Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасын сайлау туралы;
  2. Жітіқара аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру туралы;
  3. Жітіқара аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамы туралы;
  4. Жітіқара аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау туралы;
  5. Депутаттық бірлестікті "AMANAT" партиясының депутаттық фракциясы түрінде тіркеу туралы.
  6. Мәслихаттың "Жітіқара аудандық мәслихатының 2023 жылға арналған жұмыс жоспары туралы" 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 233 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  7. Мәслихаттың «Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы»  2018  жылғы 19 наурыздағы № 197 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  8. «Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

 

  1. Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасын сайлау туралы;

 

Тыңдалды: Ж.К. Дарбаев – аудандық  сайлау комиссиясының төрағасы

Сөйледі: Ж.К. Дарбаев: сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың төрағасын сайлау

 

        ШЕШТІ:

        Аудандық мәслихаттың төрағасы лауазымына Уразалинов Нұрлан Зарлықұлы бекітілсін.

  1. Жітіқара аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру туралы

 

Тыңдалды: Уразалинов Н.З. – Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы:

 

Сөйледі: Уразалинов Н.З.: "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының  1,2-тармақтарына сәйкес мәслихат өз өкілеттігі мерзіміне тұрақты комиссияларды құрайды, оның тізбесі мен сандық құрамын да мәслихат айқындайды.

Депутаттық корпустың аздығына байланысты екі тұрақты комиссия құруды ұсынамын:

- бюджет, экономика, басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша;

- білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, халықты әлеуметтік қорғау, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғамдық бірлестіктермен байланыс мәселелері бойынша.

 

          ШЕШТІ:

           Екі тұрақты комиссия бекітілсін:

  1. бюджет, экономика, басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша
  2. білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, халықты әлеуметтік қорғау, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғамдық бірлестіктермен байланыс мәселелері бойынша

 

  1. Жітіқара аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамы туралы

 

Тыңдалды: Уразалинов Н.З.: - Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы

 

Сөйледі: Уразалинов Н.З.:

Біз тұрақты комиссиялардың табысты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін депутаттардың білімі, жұмыс тәжірибесі және ең бастысы –рационалды үйлесімі ескерілген комиссиялардың дербес құрамын бекітуіміз қажет.

Бюджет, экономика, басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі комиссия құрамына:

  1. Айбол Рахымғалиұлы Смағұловты
  2. Евгений Николаевич Макаровты
  3. Венера Ибрагимовна Ищанованы
  4. Светлана Анатольевна Мощенконы
  5. Руслан Асқарұлы Шаденовты сайлауды ұсынамын

білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, халықты әлеуметтік қорғау, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғамдық бірлестіктермен байланыс мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:

  1. Оксана Ивановна Ержанованы
  2. Алмаз Тұрсынбайұлы Мендаулетовты
  3. Арман Айтбайұлы Исмукашевты
  4. Светлана Сатвалдовна Юсупованы
  5. Марат Әбділқасымұлы Аблаевты
  6. Ділда Хайратты сайлауды ұсынамын

 

          ШЕШТІ:

          Тұрақты комиссиялардың дербес құрамы бекітілсін.

 

  1. Жітіқара аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау туралы

 

Тыңдалды: Уразалинов Н.З. -  Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы

 

Сөйледі:  Уразалинов Н.З.:  Екі тұрақты комиссиясын бекіткеннен бізге төрағаларын сайлау қажет. Бюджет, экономика, басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы лауазымына Айбол Рахымғалиұлы Смағұловтың, ал білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, халықты әлеуметтік қорғау, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғамдық бірлестіктермен байланыс мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы лауазымына Оксана Ивановна Ержанованың кандидатуралары ұсынылған.

 

            ШЕШТІ:

             Жітіқара аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының төрағалары бекітілсін.

 

  1. Депутаттық бірлестікті "AMANAT" партиясының депутаттық фракциясы түрінде тіркеу туралы

Тыңдалды: Исмукашев А.А. - "AMANAT" партиясының Жітіқара аудандық филиалының консультанты:

 

Сөйледі: Исмукашев А.А.: "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-2-бабына сәйкес:

        «1. Мәслихат депутаттары саяси партиялардың фракциялары және өзге де қоғамдық бірлестіктер, депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы. Аудандық мәслихаттың төрағасы депутаттық бірлестіктерге кіре алмайды.

  1. Фракция - заңда белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің атынан өкілдік ететін депутаттардың ұйымдасқан тобы, ол тиісті саяси партияның немесе мәслихаттағы өзге де қоғамдық бірлестіктің мүдделерін білдіру мақсатында құрылады. Фракция мәслихаттың кемінде бес депутатын біріктіруге тиіс. Депутаттың тек бір депутаттық фракцияда болуға құқығы бар.»

         Жітіқара аудандық мәслихатында "AMANAT" партиясының фракциясы түрінде депутаттық бірлестікті құруды ұсынамын.  

  1. Арман Айтбайұлы Исмукашев
  2. Оксана Ивановна Ержанова
  3. Айбол Рахымғалиұлы Смағұлов
  4. Марат Әбділқасымұлы Аблаев
  5. Ділда Хайрат
  6. Алмаз Тұрсынбайұлы Мендаулетов
  7. Евгений Николаевич Макаров

 

  1. Мәслихаттың "Жітіқара аудандық мәслихатының 2023 жылға арналған жұмыс жоспары туралы" 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 233 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

Тыңдалды: Уразалинов Н.З. -  Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы

Сөйледі:  Уразалинов Н.З.:  Жетінші шақырылымдағы депутаттар өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты ағымдағы жылдың бірінші тоқсандағы мәселелер қаралмаған, сондықтан мәслихаттың 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына тиісті өзгерістерді енгізу қажет.

 

                 ШЕШТІ:

                 Мәслихаттың 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына ұсынылған өзгерістер бекітілсін.

 

  1. Мәслихаттың «Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы»  2018  жылғы 19 наурыздағы  № 197 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.   

 

Тыңдалды: Уразалинов Н.З. -  Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы

Сөйледі:  Уразалинов Н.З.: «Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың осы әдістемесі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау тәртібін айқындайды.   Бағалау нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, оқыту, ротациялау, мемлекеттік лауазымын төмендету не жұмыстан шығару жөнінде шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.

 

                  ШЕШТІ:

  1. «Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде ұсынылған өзгерістер бекітілсін

 

  1. «Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

 

Тыңдалды: Уразалинов Н.З. -  Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы

Сөйледі:  Уразалинов Н.З.: Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық Кодексінің 40 бабының 2 тармағына сәйкес және Қазақстан Рсепубликасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес «Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында қоса тіркелген «Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережесін қарауға шығарамын.

 

                 ШЕШТІ:

  1. Жітіқара аудандық мәслихаттың ережесі бекітілсін.

 

Жітіқара аудандық

мәслихатының төрағасы                                   Н. Уразалинов

 

Дата публикации
11 апреля 2023