Хабарландыру

2023 жылғы 7 сәуірде сағат 11.00-де аудандық әкімдіктің үлкен залында Жітіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтеді.

Күн тәртібі:

  1. Мәслихаттың 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 230 "Жітіқара ауданының 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы"шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы;
  2. Жітіқара аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 290 "Жітіқара ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы"шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  3. Мәслихаттың 2021 жылғы 22 қазандағы № 71 "Жітіқара ауданында жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар адамдар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  4. Мәслихаттың 2020 жылғы 04 қыркүйектегі № 438 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  5. Мәслихаттың 2019 жылғы 19 қаңтардағы № 264 "Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы"шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Дата публикации
03 апреля 2023