әкімдік мәжіліс залы сағат 15.00 2023 жылғы 21 ақпан
Төраға: Ерекенов М. К.
Хатшы: Қасенова А. Ж.
Қатысқандар: Әкімнің орынбасары, Жітіқара ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері (шешімдердің жобаларын әзірлеушілер) және басқа мемлекеттік органдар және қызмет көрсететін компаниялар.
Күн тәртібі:
Тыңдалды: А.С. Дарбаева – "Жітіқара ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі"ММ басшысы.
Сөз сөйлеген: А.С. Дарбаева: Жітіқара ауданының 2022 жылғы бюджетінің орындалуы туралы және есеп берілуі туралы хабарлады (баяндама қоса беріледі).
ШЕШТІ:
1.1 "Жітіқара ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі"ММ басшысы А.С. Дарбаеваның баяндамасы назарға алынсын.
1.2 "Жітіқара ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" ММ-не Жітіқара ауданының қоғамдық кеңесінің "Жітіқара ауданының 2022 жылғы бюджетінің орындалуы туралы есепті ұсыну туралы" жобаға ескертулер мен ұсыныстарының жоқ екені туралы ұсыныстар берілсін.
Тыңдалды: Г.Ж. Бектабанов – "Жітіқара ауданы әкімдігінің тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ басшысы.
Сөз сөйлеген: Г.Ж. Бектабанов: ПИТК (пәтер иелерінің тұтыну кооперативтерінің) және МИБ (мүлік иелері бірлестіктерінің) жумысы және сауда саясаты туралы хабарлады. (баяндама қоса беріледі).
ШЕШТІ:
1.1 "Жітіқара ауданы әкімдігінің тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" басшысы Г.Ж. Бектабановтың баяндамасы назарға алынсын.
1.2 "Жітіқара ауданы әкімдігінің тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ «ПИТК (пәтер иелерінің тұтыну кооперативтерінің) және МИБ (мүлік иелері бірлестіктерінің) жумысы және сауда саясаты туралы» жобасы бойынша Жітіқара ауданының Қоғамдық кеңесінің ескертулері мен ұсыныстары жоқ.
Қоғамдық кеңес М. Ерекенов
төрағасы
Қоғамдық кеңес
хатшысы А. Касенова