«Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты»  ММ ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына  конкурс комиссиясының 2022 жылғы 31 тамыздағы отырысының  нәтижелері

«Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты»  ММ ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына  конкурс комиссиясының 2022 жылғы 31 тамыздағы отырысының  нәтижелері

 

 

«Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына  Асель Муратовна Исмуратова ұсынылсын.

 

                Конкурс

  комиссиясының хатшысы                                                        Е. Латыпов

Әңгімелесу өткізу

КЕСТЕСІ

 

 

№

Лауазым

Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Әңгімелесу өтетін орны, күні және уақыты

1.

 

Е-4

Исмуратова Асель Муратовна

 «Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты» ММ,            6 шағын аудан, 65 үй,  11 кабинет, 2020 жылғы 31 тамыз,                                     11 сағат 00 минут

 

 

Ұйымдастыру- бақылау және кадрлармен

жұмыс бөлімінің құқық мәселелері

бойынша бас маманы                                                            Латыпов Е.М.

 «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі, санаты Е-4 (2022 ж. 27.08):

 

 

«Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімі бас маманының

 

№ п/п

Т.А.Ә.

1

Исмуратова Асель Муратовна

 

 

                 Конкурс

    комиссиясының хатшысы                                                               Е. Латыпов

    «Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (110700, Жітіқара қаласы, 6-шағын аудан, 65-үй, анықтама телефондары:                    8 (71435) 2-17-29, 8 (71435) 2-17-47, факс: 8 (71435) 2-00-05, электрондық мекенжайы: k.kurmangalieva@zhitikara-maslikhat.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс  жариялайды:

«Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты»  ММ ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, санаты  E-4.

Лауазымдық жалақысы қызмет еткен жылдарына байланысты: 195 549  теңгеден 224 624 теңгеге дейін.

          Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есепті ұйымдастырады және   жүргізеді. Бюджеттік  бағдарламалар мен  қаржыландыру жоспарларын жасайды. Еңбекақыны есептейді. Төлем құжаттарын дайындайды.  Бюджеттік қаражаттарының мақсатты  пайдалануын, материалдық – қаржылық  қордың пайдалану  мен сақталуын бақылайды. Бухгалтерлік есептіліктің белгіленген барлық нысандарын уақытында құрастырады және ұсынады. Ведомстволық мұрағаттың  іс  қағаздарын  жүргізуін жүзеге асырады. Қызметтік құжаттардың сақталуын  қамтамасыз етеді. Басшылықтың  басқа  да тапсырыстарын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім: Кәсіпкерлік, басқару және құқық (Кәсіпкерлік және басқару), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: Кәсіпкерлік, басқару және құқық (Кәсіпкерлік және басқару (Бухгалтерлік іс және салық салу  (Есеп және аудит), Қаржы, банк және сақтандыру ісі (Банк және сақтандыру ісі))).

 Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасы  Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

          Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

            Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім берусаласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

          Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

      Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»  Қазақстан Республикасы Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

          1) Өтініш;

          2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар  «Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі (кадр қызметі), 110700, Қостанай облысы, Жітіқара қаласы, 6-шағын аудан, 65-үй, 12 каб. мекенжайына құжаттарын қолма-қол тәртіппен, пошта арқылы, не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде, немесе «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде 7 (жеті) жұмыс күні, олар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми сайтында «Әкімшілік лауазымдарға арналған бос орындар» бөлімінде жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі (gov.kz).

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде «Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты» ММ өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылардың қатысуына болады. 

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейінекі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабарда ретеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

          Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

                                                                                                                «Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

 

________________________________

                                                                                             (мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________

________________________________________________________________________

______________________________  бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

 

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

 

     Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейне жазбасын трансляциялауға және орналасуға келісім беремін ____________________________________

                                         (иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

 

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

 

Мекен жайы: ____________________________________________________________

 

Байланыс телефоны:______________________________________________________

 

e-mail: _________________________________________________________________

 

ЖСН: __________________________________________________________________

 

____________               ____________________________________________________

        (қолы)                                       (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

                        қағидаларының 3-қосымшасы

 

 

Нысан       

Дата публикации
30 ноября 2022