Мәслихат депутаттары Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес халық жалпыға бірдей, тең сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 86-бабының 3-тармағына сәйкес жиырма жасқа толған және белсенді сайлау құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Республика азаматы бір мәслихаттың ғана депутаты бола алады.