Меню

Страницы

Статья

Аудандық мәслихаттың 2020 жылға арналған жұмыс жоспары

Жарқайың аудандық мәслихатының ( 6-шы шақырылған кезекті 47 сессиясы)

 

Ш Е Ш I М I

 

Державин қаласы                                № 6С-47/3              2019 жылғы  24   желтоқсан

 

 

Аудандық мәслихаттың

алтыншы шақырылымның

2020 жылға арналған жұмыс

жоспарын бекіту туралы

 

 

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және мәслихаттың Регламентіне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

         Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымның 2020 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін (қоса беріледі).

 

 

 

              Аудандық мәслихат

              сессиясының төрағасы                                             А. Жүнүсов

 

 

 

 

              Аудандық мәслихаттың

              хатшысы                                                                      Ұ.Ахметова

 

 

 

Аудандық мәслихаттың

2019 жылғы 24 желтоқсандағы

         № 6С-47/3 шешімімен

              бекітілді

 

 

Аудандық мәслихаттың 2020 жылға арналған жұмыс

 

 ЖОСПАРЫ

 

         Аудандық мәслихат өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, үкіметтің өкілдік органдарының жұмысын реттейтін басқа да заң шығаратын актілеріне сәйкес жүзеге асырады.

         Мәслихаттың басты мақсаты ауданның сайлаушылары мен барлық тұрғындарының еріктерінің жалпы мемлекеттік мүдделерін қоса алғанда еркін айта алуы, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады.

         Жоғарыда айтылғандар негізде аудандық мәслихат төмендегідей бағытталған шараларды іске асыруға шоғырландырады:

-         Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларды жүзеге асыру - «Нұр Отан» партиясының депутаттық корпусына сыбайлас жемқорлыққа қарсы және құрылымдық қайта құрылулардың орындалуын заңнамалық қамтамасыз ету;

-         осы Жолдауды жүзеге асыруға белсенді қатысуға, бағдарламалық тапсырмаларды орындауға халықты жұмылдыру, ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

-         ауданның экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасын жүзеге асыру, үдемелі индустриялдық инновациялық даму экономикасын енгізу, бюджеттің кіріс бөлігін өсіру, бюджеттік қаражатты мақсатты пайдалануды тиімді бақылауды қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті дамыту, халықты жұмыспен қамту;

-         халықтың аз қамтамтылған топтарын қорғауға көңіл бөлу, әлеуметтік саланы дамыту;

-         қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану;

-         ауданда заңдылық пен құқық тәртібін күшейту;

-         сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту;

-         әртүрлі ұлт өкілдері, діни наным мен сенімдер адамдардың арасында ұлтаралық татулық, бірлік және бейбітшілікті нығайту;

-         аудандық мәслихаттың күнделікті қызметіндегі демократиялық принциптерді сақтау, депутаттардың, тұрақты комиссиялардың, аудандық мәслихат аппаратының жұмыстарының сапасын көтеру.

              Осы мақсатта 2020 жылы төмендегідей мәселелерді қарау жоспарланады:

Аудандық мәслихаттың сессияларында:

 

 

№

Мәселелердің атауы

хабарламашы

1

Жарқайың ауданындағы жер қорының пайдалану жағдайы туралы.

«Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы

 

2

-2019 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есепті бекіту

«Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы

 

2.1

-2019 жылғы Державин қаласының бюджеттің орындалуы туралы жылдық есепті бекіту

«Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы

3

- Аудан әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындау туралы есебі

Жарқайың ауданының әкімі

3.1

Жарқайың аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 наурыздағы № 6С-36/2 «Жарқайың ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ халықтың мәдени демалысын ұйымдастыру және кітапхана жүйесін дамыту жұмысы туралы» шешімінің орындалу барысы туралы

«Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы

4

-2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

«Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы

4.1

-2021-2023 жылдарға арналған Жарқайың ауданы Державин қаласының бюджеті туралы

Державин қаласының әкімі

 

2. Депутаттық өкілеттік және этика, әлеуметтік сала және заңдылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында

 

 

1. Балалар мен жас өспірімдердің жазғы кезеңдегі демалысын ұйымдастыру туралы.

Хабарламашы: «Білім бөлімі» ММ басшысы

2. Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы.

                                               Хабарламашы: «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы

3. Жарқайың ауданында діни экстремизм мен теророризмнің алдын алу бойынша ішкі саясат бөлімінің жұмысы туралы.

                                               Хабарламашы: «Ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы

4. Дене шынықтыру объектілерін материалдық - техникалық жабдықтандыру жағдайы туралы.

                                                Хабарламашы: «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы

 

 

бюджеттік саясат және ауданның экономикалық

даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мәжілісінде

 

1.      «Экономикалық белсенділігінің өсуі үшін қолайлы жағдай жасау және ауданда шағын және орта бизнестің дамуы туралы»

                                            Хабарламашы: «Кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы

 

2.     Ауданның мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы саласының жағдайы мен дамуы туралы.

                                           Хабарламашы: «Жер қатынастары бөлімі» ММ  басшысы

 

3.     Аудан аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелерінің сақталуы туралы.

                                          Хабарламашы: «Ветеринария бөлімі» ММ басшысы

4.     Тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің, жылу маусымына дайындық барысы туралы.

                                         Хабарламашы: «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасмалы, автомобиль жолдары                                               және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»  ММ басшысы

 

                 4. Ұйымдастыру іс - шаралары

 

 

1. «Депутат күнін», депутаттар оқуын, «Дөңгелек үстел басында» кездесуін өткізуді ұдайы жүргізу және жетілдіру.

2. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы сессияны әзірлеу және өткізуге белсенді түрде қатысу, комиссияның каулылары мен аудандық мәслихаттың шешімдерінің орындалуына жүйелі түрде бақылауды жүзеге асыру.

3. Аудандық мәслихат депутаттарының сайлаушылармен байланысты нығайтуы және қолдауы.

Азаматтардың  жиынына белсене қатысуы, сайлау округтерінде кездесулерді  үнемі тәжірибе жүргізу.

Аудандық мәслихаттың өткізген жұмыстары туралы, сайлау алдындағы кездесу барысындағы сайлаушылармен айтылған ұсыныстар мен ескертулерді орындау барысы туралы ақпараттандыру.

Қоғамдық ой-пікірлерді және халықтың қажеттілігін зерделеу, жеке сұрақтар бойынша сайлаушылармен үнемі кездесулер өткізу, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалымен бірлесіп «Депутат күні» қоғамдық қабылдауын кесте бойынша жүргізу. 

4. Аудандық  мәслихаттың веб-сайттарда арнайы айдарлардың тұрақты жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ облыстық мәслихат сайтында материалдар жариялау.

5. Аудандық мәслихат депутаттарымен және мүдделі органдарды шақырып «Дөңгелек үстел» өткізу.

6. Сайлау округтеріндегі депутаттар жұмысының оңтайлы тәжірибелерін зерттеп және жариялау.

7. Аудандық мәслихат аппараты қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін көтеру, қайта даярлау институтындағы курстарда жетілдіру.

8. Аудандық «Целинное знамя», «Жарқайың тынысы» газеттерін,  жергілікті телеарна «Сары Арқа» ТВ және радио бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндігін белсене пайдалану. Аудандық мәслихат сайтының, (Facebook, Instagram) әлеуметтік желілеріндегі аудандық мәслихаттың акаунттерінің жұмысын белсендіру.

9. Аудандық мәслихат депутаттарының аудан әкімінің тұрғындар алдында есеп беру жиындарына қатысуы.

10. Депутаттардың тоқсан сайын халықпен кездесуін тәжірибеден өткізу.

11. Депутаттардың ақпараттар алмасу мақсатында дербес бөлімдердің бастықтарымен ай сайын кездесуін тәжірибеден өткізу.

12. Аудандық мәслихат депутаттарының өз округтерінің сайлаушылары алдында есеп беруді өткізу.

Дата публикации
05 ноября 2020
Дата обновления
05 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Бағыттар
05 ноября 2020
"Депутаттар"
Бағыттар
05 ноября 2020
"Құрметті азамат"

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы