Жарқайың аудандық мәслихатының (6 -шы шақырылған кезекті 51 сессиясы)
Державин қаласы № 6С-51/1 2020 жылғы 27 наурыз
Аудандық мәслихаттың
алтыншы шақырылған кезекті
елу бірінші сессиясының күн тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылған кезекті елу бірінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1. «Жарқайың ауданындағы жер қорының пайдалану жағдайы туралы».
Баяндамашы: М.С. Первушкина - «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы
2. Жарқайың аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С - 48/2 «Жарқайың ауданының Державин қаласы, ауылдық округтері меня ауылдарының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Баяндамашы: Б.А. Ахметова - «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы.
3. Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 6С-35/4 «Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Л.С. Сыздыкова - «Жарқайың аудандық мәслихатының аппараты» ММ басшысы
4. Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңес органдарының дербес құрамын бекіту және аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Ж. С. Такенова - Жарқайың ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру қадағалау бөлімінің басшысы.
5. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі сұрақ туралы.
6. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Н. Семкин
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Ұ.Ахметова