Жарқайың аудандық мәслихатының (6 -шы шақырылған кезектен тыс 49 сессиясы)
Ш Е Ш І М І
Державин қаласы № 6С-49/1 2020 жылғы 10 ақпан
Аудандық мәслихаттың
алтыншы шақырылған кезектен тыс қырық
тоғызыншы сессиясының күн тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылған кезектен тыс қырық тоғызыншы сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1. Жарқайың аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 6С-33/6 «Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының Ережесі мен құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: М.С. Первушкина - «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы
2. Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңес органдарының дербес құрамын бекіту және аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: Ж.С.Такенова- аудан әкімдігі аппаратының ұйымдастыру-қадағалау жұмыстары бөлімінің басшысы
3. Жарқайың аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 6С-47/5 «2020 жылға аудандық мәслихат аппаратының құрылымы мен штатын, қызметін қамтамасыз етуге және оның аппаратын ұстауға жұмсалатын шығынды бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: Л.С. Сыздыкова - аудан мәслихат аппаратының басшысы
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Н. Семкин
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Ұ.Ахметова