Жарқайың аудандық мәслихатының (8-ші шақырылған кезектен тыс
51 сессиясы)
Ш Е Ш I М I
Державин қаласы № 8С-51/1 2025 жылғы 26 маусым
Аудандық мәслихаттың
сегізінші шақырылған кезектен
тыс елу бірінші сессиясының
күн тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылған кезектен тыс елу бірінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
- Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 шілдедегі №7С-11/4 «Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Хабарламашы: А.Б.Мизамбаев – «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының міндетін атқарушы.
- Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 шілдедегі № 7С-11/2 «Жарқайың ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Хабарламашы: Б.Төлеуұлы – мемлекеттік-құқықтық жұмыс және мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімінің бас маманы.
- Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 шілдедегі № 7С-11/3 «Жарқайың ауданы әкімдігінің жанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер жөнінде комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Хабарламашы: Б.Төлеуұлы – мемлекеттік-құқықтық жұмыс және мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімінің бас маманы.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы А.Әлжанов