Қоғамдық кеңестің құрамына мүшелерді сайлау жөнінде қосымша конкурс жариялайды.

Жарқайың ауданының қоғамдық кеңесі Қоғамдық кеңестің шығып қалған мүшелерін одан әрі алмастыру мақсатында Қоғамдық кеңестің құрамына мүшелерді сайлау жөнінде қосымша конкурс жариялайды. Өтініштер, ұсыныстар ағымдағы жылдың 29 шілдесінен мен 9 тамызы  аралығында қабылданады.

Қоғамдық кеңес өкілеттігінің мерзімі үш жылды құрайды. 2022-2025 жылдарға Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамы 15 адам болып белгіленді.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы және өзін-өзі ұсынуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлануы мүмкін.

Қоғамдық кеңестер туралы" ҚР Заңының 10-бабына сәйкес он сегіз жасқа толған, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын ҚР азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Құжаттар коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан жазбаша түрде күн сайын, сенбі, жексенбіден басқа күндері «Жарқайың аудандық мәслихатының апараты» ММ қабылданады. Сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, Жарқайың ауданы, Державинск қаласы, Ленин көшесі, 34, 1 қабат мекенжайы, сондай-ақ Zha.maslikhat@akmo.gov.kz электрондық мекенжайы, байланыс телефоны 8 (71648) 79068.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне Кандидат:

  1. ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болмауы тиіс;
  2. сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылған болмауы тиіс;
  3. денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауы; психикалық ауру, алкоголизм, нашақорлық немесе есірткіге тәуелділік болмауы керек.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылады:

  1. Коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) жұмыс тобының құрамына кандидатура ұсыну туралы азаматтың өтініші.
  2. Кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер.

Жүктеуге арналған өтініштер қоса беріледі

 

Дата публикации
29 июля 2024