12 сессияның күн тәртібі

Жарқайың аудандық мәслихатының кезектен тыс (8-ші шақырылған 12 сессиясы)

Ш Е Ш I М I

Державин  қаласы                      № 8С-12/1                  2023 жылғы 17 қазан

 

Аудандық мәслихаттың

сегізінші шақырылған кезектен

тыс он екінші сессиясының күн

тәртібі туралы

           Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

          Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылған кезектен тыс он екінші сессиясының  күн тәртібі бекітілсін:

  1. «Жарқайың аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 8С-3/3 «Ақмола облысы Жарқайың ауданында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.

           Хабарламашы: К.Г.Жұмагұлов – «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

  1. «Жарқайың  аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 7С-42/3 «2023 жылға арналған Жарқайың ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

           Хабарламашы: Б.А.Ахметова – «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

  1. «Жарқайың ауданы әкімдігі жанындағы бюджеттік комиссиясының       құрамын бекіту  туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2021  жылғы  26  қарашадағы № 7С -18/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

          Хабарламашы: Б.А.Ахметова – «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

  1. «Жарқайың ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.

          Хабарламашы: Қ.С.Белгібаева – «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

                                                                                                                                                   

 

Аудандық  мәслихаттың

төрағасы                                                                                       А.Әлжанов                                      

    

 

 

           

 

Дата публикации
30 октября 2023