11 сессияның күн тәртібі

Жарқайың аудандық мәслихатының кезектен тыс (8-ші шақырылған 11 сессиясы)

Ш Е Ш I М I

Державин  қаласы                      № 8С-11/1                  2023 жылғы 11 қыркүйек

 

Аудандық мәслихаттың

сегізінші шақырылған кезектен

тыс он бірінші сессиясының күн

тәртібі туралы

 

          Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:

          Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылған кезектен тыс он бірінші сессиясының  күн тәртібі бекітілсін:

  1. «Жарқайың ауданық мәслихатының 2023 жылғы 23 маусымдағы №8С-7/4 «Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясы ережесін және құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

           Хабарламашы: Г.К.Жұмағұлов – «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік  бөлімі» ММ басшысы.

  1. «Жарқайың ауданық мәслихатының 2021 жылғы 8 шілдедегі №7С-11/4 «Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу.

           Хабарламашы: А.Ж.Кабдуллина – «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы.

 

Аудандық  мәслихаттың

төрағасы                                                                                       А.Әлжанов                                      

    

                                                

Дата публикации
30 октября 2023