10 сессияның күн тәртібі

Жарқайың аудандық мәслихатының кезекті (8-ші шақырылған  10 сессиясы)

Ш Е Ш I М I

Державин  қаласы                      № 8С-10/1                     2023 жылғы 24 тамыз

 

Аудандық мәслихаттың

сегізінші шақырылған кезекті

оныншы сессиясының күн

тәртібі туралы

 

          «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:

Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылған кезекті оныншы сессиясының  күн тәртібі бекітілсін:

  1. «Аудан әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындау туралы есебі».

          Баяндамашы: Ж.К.Хамитов – Жарқайың ауданының әкімі.

  1. Жарқайың аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 ақпандағы № 6С-8/3 «Жарқайың ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

         Хабарламашы: М.Н.Маканова – «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы.

  1. «Жарқайың ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі №8С-5/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Хабарламашы: Ғ.К.Жұмағұлов – Жарқайың ауданының «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

4. Жарқайың  аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 маусымдағы № 8С-7/4 «Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясы ережесін және құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Ғ.К.Жұмағұлов – Жарқайың ауданының «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

  1. «Жарқайың ауданы әкімінің жеке құрамын келісу туралы» аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 7С-8/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Хабарламашы: О.А. Гуменная – Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы

         6. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілген негізгі мәселе туралы.

                                                   

Аудандық  мәслихаттың

төрағасы                                                                                       А.Әлжанов                                      

    

Дата публикации
30 октября 2023