3 сессияның күн тәртібі

         

Жарқайың аудандық мәслихатының кезекті (8-ші шақырылған  3 сессиясы)

Ш Е Ш I М I

Державин  қаласы                      № 8С-3/1                     2023 жылғы 14 сәуір

 

Аудандық мәслихаттың

сегізінші шақырылған кезекті

үшінші сессиясының күн

тәртібі туралы

 

          Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:

Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылған кезекті үшінші сессиясының  күн тәртібі бекітілсін:

  1. «Жарқайың ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының 2022 жылға салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету бойынша жұмысы және 2023 жылға арналған жоспарлар туралы».

Баяндамашы: Р.А.Таукелов – Жарқайың ауданы бойынша Кірістер басқармасының  басшысы.

Қоса баяндаушы: Б.А.Ахметова – Экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

  1. Ақмола облысы Жарқайың ауданында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемерін бекіту туралы.

Хабарламашы: А.Т.Жаныбеков – Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің  басшысы.

  1. Жарқайың  аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 қарашадағы № 7С-39/3 «Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: М.Н.Маканова – Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  басшысы.

  1. «Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 6С-52/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Хабарламашы: М.Н.Маканова – Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  басшысы.

        5. Жарқайың ауданы Тасөткел ауылының көшесін қайта атау ұсынысын енгізу туралы

Хабарламашы: С.Т.Саухимова – Тасөткел ауылының әкімі.

  1. «Жарқайың ауданы әкімдігі жанындағы бюджеттік комиссиясының        құрамын бекіту  туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2021  жылғы  26  қарашадағы № 7С -18/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Хабарламашы: Б.А.Ахметова – Экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

 

 

                                                   

Аудандық  мәслихаттың

төрағасы                                                                                       А.Әлжанов                                               

Дата публикации
30 октября 2023