Жарқайың аудандық мәслихатының (8-ші шақырылған 1 сессиясы)
Ш Е Ш I М I
Державин қаласы № 8С-1/1 2023 жылғы 30 наурыз
Аудандық мәслихаттың
сегізінші шақырылған бірінші
сессиясының күн тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылған бірінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
- Ауданның аймақтық сайлау комиссиясының аудандық мәслихат депутаттарын сайлау қорытындысы туралы хабарламасы.
Хабарламашы:Ж.Х.Рамазанова-Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы.
- Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының төрағасын сайлау туралы.
- «Amanat» партиясының депутаттық фракциясын аудандық мәслихатта тіркеу туралы.
- Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының тұрақты комиссияларының құрылуы туралы.
- Депутаттық өкілеттік және этика, әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның құрамын және төрағасын сайлау туралы.
- Бюджеттік саясат және ауданның экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның құрамын және төрағасын сайлау туралы.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы А. Әлжанов