Жарқайың аудандық мәслихатының (7-ші шақырылған кезектен тыс 15 сессиясы)
Ш Е Ш I М I
Державин қаласы № 7С-15/1 2021 жылғы 12 қазан
Аудандық мәслихаттың
жетінші шақырылған кезектен тыс
он бесінші сессиясының
күн тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Аудандық мәслихаттың жетінші шақырылған кезектен тыс он бесінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
- Жарқайың ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) бекіту туралы.
Хабарламашы: М.С. Первушкина – «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы.
- Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 6С-35/4 «Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Ж.Х. Рамазанова – Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы
- Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 7С-2/2 «Жарқайың ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарын пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: Қ.С. Белгібаева – «Ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы
- «Жарқайың ауданы әкімінің жеке құрамын келісу туралы» аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 7С-8/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Хабарламашы: Е.С. Мұқашев – Жарқайың ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік – құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы
Аудандық
мәслихаттың хатшысы А. Әлжанов