8 сессияның күн тәртібі

Жарқайың аудандық мәслихатының  (7 –ші шақырылған кезектен тыс 8  сессиясы)

Ш Е Ш І М І

 Державин қаласы                          №  7С- 8/ 1             2021 жылғы   14 сәуір

 

Аудандық мәслихаттың

жетінші шақырылған сегізінші

сессиясының  күн  тәртібі туралы

 

         Қазақстан  Республикасының  2001  жылғы 23  қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару   және  өзін-өзі   басқару туралы»  Заңының  8  бабына  сәйкес  Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

Аудандық мәслихаттың  жетінші шақырылған сегізінші сессиясының  күн тәртібі бекітілсін:

  1. «Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 6С-52/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Хабарламашы: М.Н. Маканова – «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының м. а.

  1. «Жарқайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6С-64/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Хабарламашы: М.Н. Маканова – «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының м. а.

  1. Жарқайың ауданы әкімінің жеке құрамын келісу туралы.

Хабарламашы: О.А. Гуменная – Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы

  1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының құрамын бекіту туралы.

Хабарламашы: Б.О. Сейтгалиев - «Ақмола облысы Төтенще жағдайлар жөніндегі департаментінің Жарқайың ауданы Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі»  республикалық мемлекеттік мекемесінің бас маманы

 

Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы                                    Р. Садвакасова

  

Аудандық мәслихаттың

хатшысы                                                             А. Әлжанов

Дата публикации
14 апреля 2021