Жарқайың аудандық мәслихатының "Жарқайың аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы"

Жарқайың аудандық мәслихатының (7-ші шақырылған кезектен тыс 25

сессиясы)

 

Ш Е Ш I М I

 

Державин  қаласы                          № 7С-25/3               2022 жылғы 11 ақпан

 

 

Жарқайың аудандық

мәслихатының регламентін

бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қоса беріліп отырған Жарқайың аудандық мәслихатының регламенті бекітілсін.
  2. Жарқайың аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылсын:

- «Жарқайың аудандық мәслихаттың регламентін бекіту туралы» 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 7С-2/5 шешімінің күші жойылсын;

- «Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 7С-2/5 «Жарқайың аудандық мәслихаттың регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 30 шілдедегі № 7С-12/3 шешімінің күші жойылсын.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық мәслихаттың

хатшысы                                                                                                А. Әлжанов

 

 

 

 

 

Дата публикации
11 февраля 2022