Жарқайың аудандық мәслихатының (7-ші шақырылған кезектен тыс 2 сессиясы)
Ш Е Ш I М I
Державин қаласы № 7С-2/1 2021 жылғы 20 қаңтар
Аудандық мәслихаттың
жетінші шақырылған кезектен тыс
екінші сессиясының күн тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың жетінші шақырылған кезектен тыс екінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1. Жарқайың ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы.
Хабарламашы: «Ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы –Қ. С. Белгібаева.
2. «2021 жылға арналған Жарқайың ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы.
Хабарламашы: «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы – Б.А. Ахметова.
3. Жарқайың ауданының басқару схемасын бекіту туралы.
Хабарламашы: Аудан әкімдігінің персоналды басқару қызметінің басшысы – Н.В. Подрезов.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы А. Бейсен
Аудандық
мәслихаттың хатшысы А. Әлжанов